ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

19:30, 17 қыркүйек 2020

Ертіс өңірінің емханаларына тіркелудің жыл сайынғы науқаны басталды. Шара бүгіннен бастап 15 қарашаға дейін жалғасады.Осы уақыт аралығында аймақ тұрғындары тіркеліп үлгеруі керек. Тіркелу қалай өтеді? Қанша азамат әлі медициналық ұйымдарға жатпайды? Бұл және өзге де көптеген мәселелер онлайн брифинг барысында талқыланды.

Тек бір ғана медициналық ұйымға тіркелуге болады. Олар денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында және медициналық көмек пен МӘМС кепілді көлемі бойынша медициналық қызметтер көрсетуге үміткер болуы тиіс. Ертіс өңірінде мұндай 27 мекеме бар. Сіз оларға бірнеше жолмен қосыла аласыз. Біріншісі - егер сізде электрондық цифрлік қолтаңбаңыз болса – «ЕГОВ.КЗ» электрондық үкімет порталы арқылы. Екіншісі – медициналық мекемеде. Бұл әдісті азаматтардың жекелеген санаттары пайдалана алады, - деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Біржан Досмайылов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Ол үшін еркін түрде өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет. Бұл санаттарға : зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала жасынан мүгедекке тағайындалған қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, жазасын өтеуші сотталғандар, студенттер, сондай-ақ  медресе оқушылары, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша тіркелуді ресімдейтін адамдар жатады.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тұрғылықты жеріне жақын емханаларға тіркелуге кеңес береді. Бұл дәрігерлердің пациенттер үйіне баруын жеңілдетеді. Айта кету керек, өңір тұрғындарының кей бөлігі медициналық мекемелерге тіркелмеген.

Нұрлан Қасымов, Павлодар облысы бойынша МӘМС ҰАҚ филиалының директоры:

Облысымызда АМСК мекемелерге тіркелмеген 2000-ға жуық адам барын ерекше атап өтпекпін. Өзімнің тарапымнан өтініш. 2021 жылы мдициналық көмек қолжетімсіз болып қалмағандай, тұрғындарды АМСК мекемелеріне тіркеуден өтуге кеңес беремін. 

Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне карантин кезеңіндегі жұмысы үшін бөлінетін үстемақы туралы да сөз қозғалды. Ағымдағы жылдың наурыз-тамыз айларында оларға 3 млрд 869 миллион теңге төленді.

Нұрлан Қасымов, Павлодар облысы бойынша МӘМС ҰАҚ филиалының директоры:

Наурыз айында 143,5 миллион теңге болса, шілде айында максималды төлем 1 млрд 352 миллион болды. Тамызда баға сәл төмендеп 783 миллионды құрады . шілде айында ең көп төлем алған қызметкерлер саны 4962. тамыз айында 3892 адам. Бұл тұрақты еңбек ететін мамандар.

Еске сала кетейік, тіркелу 15 қыркүйекте басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады. Сол уақытта тіркеліп үлгерген азамат 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында тегін медициналық қызметке қол жеткізе алады.

 

Сания ТЕМІРХАН, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА ҚАНША ДӘРІГЕР КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ?
22:42, 22 қазан 2020
ОБЛЫСТА ҚАНША ДӘРІГЕР КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ?
Толығырақ...
ӨҢІР КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН БА?
18:29, 11 қазан 2020
ӨҢІР КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН БА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар