ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ 2019 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

19:43, 28 ақпан 2019

2019 жылы медициналық қызметтерді сатып алуға бөлінген қаржы өткен жылғымен салыстырғанда 5 пайызға артты. Қаражат амбулаторлық-емханалық көмекті дамытуға, жалақысы төмен қызметкерлерге айлығын өсіруге, онкологиялық ауруларды емдеуге жұмсалады деп жоспарлануда. Бұл жөнінде Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.

Халыққа тегін көмек көрсетуге ұмтылатын жекеменшік медицина ұйымдары жыл санап артып келеді. Мәселен, 2019 жылдың қаңтар айында мемлекеттік тапсырысты алу туралы 64 медицина ұйымы келісім шарт бекіткен. Оның 30-ы жеке меншік клиника болып шықты. Соңғы уақытта коммерциялық емханалар мемлекеттік тапсырысты орындау екі жаққа да тиімді екенін түсінген. Себебі олардың қымбат зертханалық және диагностикалық қызмет түрлерін кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Ал мемлекеттік тапсырыс арқылы олардың да қызметі сұранысқа ие болады.

Айдар Сейітқазинов – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының павлодар облысы бойынша филиал директоры

2019 жылдың басында әлеуетті жеткізушілер дерекқорына Павлодар облысы бойынша 90 медицина ұйымы енген болатын. Оның 39 мемлекеттік, 51 жеке меншік клиникалар. 2018 жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшыныс білдірген жеке меншік клиникалар саны өткен жылмен салыстырғанда 10-ға артып отыр./

Десек те, кез келген жекеменшік поликлиника мемлекеттік тапсырысты орындау құқығына ие бола бермейді. Олар арнайы аймақтық комиссияның қарауынан өтуі тиіс. Биыл Павлодар облысы бойынша медициналық көмек көрсететін жеткізуші ұйымдармен бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 37,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік емханалармен 33,3 млрд теңгенің, жеке меншік клиникалармен 4,3 млрд теңгенің келісімшарты бекітілген. Жеке клиникаларды қаржыландыру екі есеге артты.

 

Гүлден ТӨЛЕГЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар