ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫ РЕЦЕПТ

19:14, 11 шілде 2019

Өңірімізде ағымдағы айдан бастап қағазсыз рецепт бойынша дәрілік препараттар жобасы өз жұмысын бастайды. Мұндай жүйе 26 дәріханада жұмыс істейтін болады. Науқас рецепті электронды түрде алып, жеке куәлікті беру арқылы белгіленген дәрі-дәрмегін алуға мүмкіндігі бар.

Аталмыш жүйе Қарағанды облысында пилоттық режимде жұмыс жасауда. Медициналық ақпараттық жүйенің бастамасы бойынша елімізде екінші болып біздің аймақ электронды жобаны іске қосты. 

Ерлан Ержанов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Науқас тек дәріханаға жеке куәлігін алып қана келеді. Дәріханада науқас қабылдайтын дәрілердің рецептері жеке куәлік арқылы белгілі болады.  Біз бұл жүйемен рецептер беру тәртібін, сондай-ақ адамдардың жылдам керек дәрісіне қол жетізуін қамтамасыз етеміз.

Сондай-ақ павлодарлықтар демалыс күндері дәрілердің рецептерін алуға мүмкіндіктері бар. Бұл үшін аурухаларда дәрігерлер кезекшілік жасайды. Облыста 335 жалпы тәжірибелі дәрігер учаскілері бар. Оларға 590 мыңнан астам адам бекітілген. Бір учаскіге орта есеппен 1815 адам келеді. Норматив бойынша бұл көрсеткіш 1700 адамды құрауы керек. Демек, әлі де болса маман тапшылығы сезіледі.

Ерлан Ержанов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Бізге жалпы 102 дәрігер керек. Оның ішінде 65 дәрігер келді.  Ақсу, Екібастұз қалаларының бас дәрігерлері ауыл-аймаққа шығып, мамандандырылған жастармен тәжірибе алмасуда.

Жас мамандар үшін барлық жағдай жасалған. Оларға пәтерлер де беріледі. Медициналық көмек пен оның сапасын арттыру саладағы басты мақсат.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕПУТАТТАР ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНА БАРДЫ
18:33, 9 шілде 2019
ДЕПУТАТТАР ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНА БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...