ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЕКПЕГЕ ҚАРСЫ ШЫҒУШЫЛАР АЗАЙДЫ

12:27, 6 желтоқсан 2019

Соңғы кездері екпе салдыруға қарсы болатындардың қатары кеміп келеді. Мәселен, былтырғы жылы ата-аналарының рұқсат етпеуінен 620 балаға екпе салынбай қалған. Биыл бұл көрсеткіш үш есеге азайған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіненде өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді.

Өңірде эпидемиологиялық маусым басталғалы бері үш мыңнан астам адам жедел респираторлық жұқпалы вирусын жұқтырған. Оның тең жартысы 14 жасқа дейінгі балалар. Әйтсе де тұмау жұқтырған ешкім жоқ. Бір қуантарлығы былтырғы жылға қарағанда балаларына екпе салдырмай қарсы болатын ата-аналар азайған.

Ирина Сорокина, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

Биылғы жылы екпеден 20 адам бас тартты. Нақтырақ айтсақ 22. Былтырғыға қарағанда үш есеге азайған. Біз, екпеге қарсы болатын адамдар жылдан жылға азайып, бірен-саран ғана болатынына сенімдіміз.

Мамандардың айтуынша, көп жағдайда адамдар екпеге сенімсіздік танытқандықтан қарсы болады. Және де діни көзқарастарына байланысты бас тартатындар да бар. Сонымен қатар, жүргізілген сауалнама көрсеткенде БАҚ-тағы негізсіз ақпараттардың да кері әсері тиген. Көбінесе вакцина сапасына деген сенімсіздік басым.

Ирина Сорокина, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

АҚШ, Ресей секілді әлемдік нарыққа танымал ірі өндірушілерден сатып алынады. Жалпы бізде 63-тен астам екпе түрі бар.

Қазіргі таңда тұмауға қарсы вакцинамен өңір тұрғындарының 10,6 пайызы қамтылған. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тиімді деңгейге сай келеді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...