ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕР ӨЗ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

19:06, 11 маусым 2019

Ғалым Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында ақ халаттылар арасындағы тәжірибе алмасу шеберлік сағаттары өтіп жатыр. Үш күндік тәжірибе алмасу 13 маусымға дейін жалғасады. Мақсат - науқастарға хирургия саласы бойынша мамандандырылған әрі заманауи көмек көрсету сапасын жақсарту.

Облыстық аурухананың хирургия бөліміндегі ота жасаушы мамандар арасындағы  бүгінгі  шеберлік сағатына Семей қаласынан арнайы келген дәрігер мамандар қатысуда.

Арман Мұсабеков, облыстық аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

Семей қаласынан келген әріптестеріміз біздегі заманауй  «LigaSure» (ЛИГАШУУ) кабинеті жұмыстарына ерекше ден қоюда. Біз бұл технологияны ота жасау барысында жан-жақты кеңінен қолданып келеміз. Сапалы әрі жедел медициналық көмек көрсетуге арналған құрылғы арқылы біз жараның ауызын жіпсіз тігуге, жарақаттардың тез жазылуы мен науқастардың дертінен тез айығуына т.б., қол жеткізіп отырмыз.

Облыстық аурухана базасында «LigaSure» (ЛИГАШУУ) васкуляризацияланған тіндерге дозаланған лигациялық әсер ету технологиясын қолдану арқылы ота жасауда дәрігер үшін де, науқас үшін де өзінің артықшылықтары мен біршама жеңілдіктері бар, - дейді мамандар. Жаңа құрылғы жаңалықтарының қыр-сырын меңгеруге келген семейліктер өңір медицинасының дамуына оң баға беруде.

Базар Төлеуов, Семей медициналық жедел көмек көрсету ауруханасының хирург дәрігері:

Осы ауруханада 2-3 жыл көлемінде «LigaSure» аппараты кабинеті қолданылады. Бұл аппарат Америка Құрама Штаттарында шығарылады, кейінгі кезде көбірек қолданысқа алынған. Аппараттың негізгі көмегі операция кезінде науқастарға қолайлы жағдай тудырып, уақытын азайтуы және гемостаз кезінде де өзінің жеңілдігін береді.

Аталмыш технологияны қолдану – тамырларды лигациялаудың басқа әдістемелерімен салыстырғанда, зақымдану аймағының азаюына байланысты тіндердегі қабыну реакцияларын айтарлықтай төмендетеді. Осының нәтижесінде, ота жасалғаннан кейін қан жоғалтудан құтылуға, отадан кейінгі көптеген асқынулар қаупін азайтуға мүмкіндік бар көрінеді.  Күн санап қарыштап дамып келе жатқан жоғары ғылыми-технологиялық үрдістердің халыққа көрсетер қызметінің сапалы болғанына не жетсін?!

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР
15:21, 13 желтоқсан 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...