ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ

11:06, 8 шілде 2020

Мойылды шипажайы провизорлық госпиталь ретінде жұмысын жалғастыруда. «Nur OTAN» партиясының қалалық филиалы халық қалаулыларымен бірлесіп, бір миллион теңге қаражатқа дәрі-дәрмек жеткізді.

Қазіргі уақытта Мойылды ауылындағы провизорлық госпитальде 292 науқас ем алуда. Қалалық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер - науқастарға қажетті дәрі-дәрмек жиынтығы мен басқа да қажетті заттармен қамтыды.

Қобыланбек Қожин, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты:

Бұл дәрі-дәрмекті бүгін міне Мойылды шипажайына әкеліп, дәрігерлерге беріп жатырмыз. Оның ішінде цефтратрион, эйфилин деген сияқты басқа да керекті науқастарға деген, өздерінің сұраулары бойынша дәрілер бүгін жеткізіліп отыр. Павлодар қаласында егер волонтерлер болса, қолдары бос медициналық білімдері бар, қаламыздың дәрігерлерінің барлығына көмек керек болып жатыр.

Аз уақыт болса да, бұл жерге күніне жүзден аса науқас келіп түседі. Науқастанғандар көбіне пневмония мен ЖРВИ белгілерімен госпитальға жеткізіледі.

Әмірхан Тұрғұлдинов, провизорлық госпитальдің бас дәрігері (Мойылды ауылы):

Күніне 100 адам келеді. Сондай көп адам түседі. Сонда біздің дәрігерлерге, мейірбикелерге өте қиын. Солар енді шыдасын. Жұмыста өте қиын қазір. Көбі келіп қарайды, бір күн істегенде көбі 4 сағат бәрі шаршайды. Бізде бәрі костюммен, не істейміз енді шыдаймыз.Ойлаймыз енді, бәріне ем болсын бәріне.

Мойылды шипажайында 500 төсек орын-орын бар. Денсаулық сақтау басқармасы мен эпидемиологтардың айтуынша, ғимаратта қолайлы кіреберіс жолдар бар. Жалпы науқастар жағдай жасалған. Бұл стационарға ауыр емес науқастарды жатқызады.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОТТЕГІ АППАРАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПАРТИЯСЫ
20:23, 9 тамыз 2020
ОТТЕГІ АППАРАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПАРТИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...