ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ДӘРІ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

16:05, 10 қыркүйек 2019

Қаңтардан бастап елімізде дәрі-дәрмек бағасын реттеу жүйесі енгізілгені белгілі. Жаңа ережеге сәйкес, барлық дәрілік заттардың бағалары бекітілген шекті бағадан жоғары болмауы тиіс. Керісінше, шекті бағадан төмен сатуға болады. Заң нормасы қаншалықты орындалып жатыр? Осы орайда облыстық мәслихат депутаттары шаһар дәріханаларын аралап көрді.

Мекемелердің қаншалықты заңға сәйкес жұмыс жасап жатқандығын білу мақсатында, шаһардағы бірнеше дәріханалар тексеріске алынды. Сөрелерде самсап тұрған дәрі-дәрмектердің бағаларын көзбен шолып шықтық. Мәселен, қан қысымы және жүрек ауруларына ем болатын «Кардиомагнил» дәрісінің 30 данасы мұнда 750 теңге тұрады. Бактерияларға қарсы қолданатын «Левомицитин» дәрісі 420, ал көп таралған аллергияларды емдейтін  «Супрастин» 1490 теңгеден сатылады. Бұл дүкендегі бағалар дәрілік заттарды реттеу қағидаларында көрсетілген шектік сомаларға сәйкес болып шықты. Бұдан басқа тағы да екі дәріханада да бағалардың қол жетімді екені анықталды. Алайда, тексерілген дәріханаларда тұрғындар үшін дәрілердің бағасы жайлы ақпараттың жоқтығы анықталды.                         

Қабылқақ Қапенов, облыстық  мәслихатының депутаты:                                                                          

Мониторинг ретінде, жалпы денсаулық сақтау министрілігінің бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмектердің бағасы қандай екенін,сатылып жатқан дәрмектердің бағасы бұйрыққа сәйкес пе? Жаңа байқағандай  3-4. дәріхананы аралап шыққанда жалпы ең жоғары баға тұрғанда аптекалардың сатып жатқан бағасы асып жатқан жоқ.  Облыстық денсаулық сақтау департаментінің сенім телефонына  дәріханалар мәселесіне байланысты күніне 10-ға жуық қоңыраулар түседі. Дәрілік заттардың бағасын реттеу заңына сәйкес әрдайым мониторинг өткізіледі. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан келіп түскен шағымдар бойынша да жұмыс жүргізіледі дейді мамандар.
 

Маржан Жақашева, облыстық фармацевтика ісі басқару бөлімінің жетекшісі:                                                                    

 «Қазіргі уақытта дәрілер бағасын негізсіз көтеріп, сатып отырған дәріханалар тіркелмеген. Егер де, заңбұзушылықтар болған жағдайда, әкімшілік кодексінің 426 бабының 1-ші бөліміне сәйкес жеке тұлғаларға 70, ал лауазымды тұлғалар  үшін 100 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады»
Облыс бойынша дәрі-дәрмек бағаларын бір қалыпты ұстап тұру мақсатында депутаттар алдағы уақытта мұндай жұмыстар жиі өткізуді. жоспарлап отыр.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...