ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

«ДЕНСАУЛЫҚ» ПОЙЫЗЫ ҚАЛҚАМАНҒА БАРДЫ

21:37, 14 маусым 2019

Медицина қызметкерлері күніне орай республикалық «Денсаулық» пойызы жолға шықты. Ауыл тұрғындары Алматы қаласының білікті мамандардан ақысыз дәрігерлік көмек ала алады.

Жылжымалы медициналық қызметтің  жалпы қашықтығы 19 мың шақырымды құрап отыр. Аталмыш пойыз аймағымыздағы Қалқаман елді мекеніне кеп тоқтады.

Әсел Жақсыбай, тілші:

«Медициналық пойыздар» жобасын денсаулық сақтау министрлігі, ҚТЖ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қорымен» бірлесіп, «Самұрық қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырып отыр.

Абылайхан Рахимов, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкері:

Аталмыш жоба 2010 жылдан бері жүзеге асып келеді. «Денсаулық» пойызы неміс және жапон өндірісіндегі жетекші фирмалардың заманауи диагностикалық құрылғыларымен  жабдықталған. Мамандардың айтуынша, халықтың келіп қаралуы да жоғары деңгейде. Өз денсаулығына немқұрайлы қарамау – басты қағида, - дейді ақ халаттылар.

Олар арқылы тәжірибелі де білікті мамандар келушілерге қажет болған жағдайда толықтай жалпы және биохимиялық анализдер қорытындысын шығарып, ренген, флюрография, ішкі ағзалар мен тамырларды, бүйрек пен жүрек жұмысының барлығын УДЗ-лерден әп-сәтте өткізіп, ем-домдарын тағайындауда. Пойыз ішінде қатар-қатар орналасқан кабинеттердегі медициналық құрамда терапевттер мен тіс дәрігерлері, окулистер мен лор, кардиолог және хирург мамандары алдында таңғы жетіден бастап ұзын-сонар кезек. Қолдарына жаңа туған шақалақты ұстаған ана мен баланы да, қарт-қарияны да осы жерден көре аласыз. Өкінішке орай, еліміздің  шалғай ауданындағы көптеген елді мекен тұрғындары сапалы әрі жедел диагностикаға қол жеткізе бермейді. Ал, осындайда таптырмас мүмкіндік тудырып отырған бұл жобаға тұрғындар да дән риза. Пойыздың келесі бағыты – Қалқаман бекетінің дәл жанындағы Қарасор елді мекені.

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛУДА
18:48, 9 тамыз 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛУДА
Толығырақ...
ЕМХАНАЛАРҒА ЭЛЕКТРОНДЫ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА ЕНГІЗІЛДІ
19:07, 31 шілде 2019
ЕМХАНАЛАРҒА ЭЛЕКТРОНДЫ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...