ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

БІР НАУҚАСТЫҢ ЕМІНЕ ҚАНША ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ?

20:46, 14 қараша 2020

Наурыз айынан бастап Павлодар облысының медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 4 млрд 901 млн теңгеге үстемақы төленді. Медицинадық әлеуметтік сақтандыру коры есебінен коронавирусқа шалдыққан науқастардың еміне де қаражат бөлінді.

Коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болып оларды емдейтін медицина қызметкерлеріне медицаналық әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен үстемақы төленеді. Олар үш санатқа бөлінеді: өте жоғары, жоғары және орташа кәуіптегі топтар.

Нұрлан Қасымов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚАҚ  ПОФ директоры: 

Медициналық қызметкерлерге, коронавирустық жұмыстарға қатысқан медицина қызметкерлеріне наурыз айынан қосымша жалақы төлеп отырмыз. Өте жоғары қауіп - 850 мың теңге, жоғары деңгейде - 425 мың теңге және орташа 212 500 теңге ай сайын төлеп отырады.

Барлық үш санат бойынша қазан айында 2485 медицина қызметкеріне 465,9 млн теңге бөлінді. Бұдан бөлек, Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге ақы төлейді. Егер емделуші ауыр жағдайда болса, онда бір емделушіге төлем 932 мың теңгеге дейін жетеді, орташа - 465 мың теңге және аурудың жеңіл түріндегі науқастарға -187 мың теңге бөлінеді.

Нұрлан Қасымов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚАҚ  ПОФ директоры: 

Енді жалпы коронавирустық инфекцияға 8 млрд 500 млн теңге төледік. Жана айтып кеттім, 4 млрд дәрігерлерге. Осының ішінде.

Нұрлан Қасымовтың айтуынша, науқастардың стационардла болу күніне байланыста қаражат төленеді. Емделушінің бір күні еміне 13 мың 80 теңге жұмсалады.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 106 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:08, 2 желтоқсан 2020
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 106 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар