ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

БІР КҮНДЕ 33 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ

19:33, 25 маусым 2020

Өңірде коронавирус инфекциясының белгілері байқалған жаңа 33 жағдай тіркелді. COVID-19 1958 және 1996 жылдары аралығында туған тоғыз ер адамда және 1949 бен 1991 жылдары аралығында туған 23 қыз-келіншекте анықталды. Сондай-ақ жеті жастағы қыз балада вирус белгісі байқалған.

Науқастанғандардың 32 -і  Павлодар қаласының, біреуі Ақтоғай ауданының тұрғындары. Олардың 11-і бұған дейін КВИ анықталған адамдармен қатынаста болғандықтан тексерістен өткен. 22 науқас денсаулықтарының нашарлауына байланысты медициналық көмекке өздігінен жүгініпті. Оларда дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, тамақтың қырылдауы,  әлсіздік, жөтел  белгілері анықталды. ПТР- зерттеуі барлығынан COVID-19 ды анықтады.  Науқастар Павлодар қаласының инфекциондық стационарына жатқызылды. Соңғы дерек бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 568  жағдай тіркелген, деп хабарлайды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар