ШҰҒЫЛ! БІР АДАМҒА ЕКІ РЕТ ЖҮРЕК САЛЫНДЫ Толығырақ

БІР АДАМҒА ЕКІ РЕТ ЖҮРЕК САЛЫНДЫ

17:39, 2 тамыз 2018

Әлем бойынша Қазақстанда тұңғыш рет бірегей операция жасалды. 60 жастағы ер адамға әуелі жасанды, кейін донорлық жүрек салынды. Күрделі отаны Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығының мамандары жасады. Әлемде тек 10 адамға жасанды жүрек салынған. Солардың 3-еуі біздің елімізде тұрады.

Бұл - жасанды жүрек соғысы. Аманғали Токовтың кеудесінде жүректің орнына биопротез тұр. Жасы – 54-те. Салмағы 3 келі аппаратты өзімен бірге алып жүреді. Сөмкенің ішінде батарея мен датчик бар. Егер ағзада бір өзгеріс болса, құрылғы белгі береді. Тілшілермен тілдесуге шыққан оның қобалжығаннан қан қысымы көтеріліп кетті.

АМАНҒАЛИ ТОКОВ Ақтөбе облысының тұрғыны

Операцияға екі ай болады. Былай жақсымын. Ақтөбеденмін. Мұғалжар ауданынан. 4 балам бар. 9 немерем бар. 

Ал бұл Алексейдің жасанды жүрегінің дыбысы. Осы шуыл болмаса, рюкзапен жүруге үйреніп қалдым дейді ол. Бұрын ауыр атлетикамен айналысқан. Өмірге құштар жан болашақта да спортпен шұғылдануын жалғастырмақ. Петропавлдық науқас жақында үйіне қайтады. Қазір оған да донор ізделіп жатыр.

АЛЕКСЕЙ ЧАБАН Петропавл қаласының тұрғыны

Жағдайым тамаша! Апта сайын жақсарып келем. 36 жастамын. Ауру генетикалық жолмен келді. Менің анамның да жүрегі ауыстырылды. Қайта 12 жастағы қызымның жүрегі ауырмайды. Соған қуанам.

Аманғали мен Алексейден басқа, былтыр күзде павлодарлық Құнанбай Абыраевқа тұңғыш рет жасанды жүрек орнатылды. Сегіз айдан соң биопротез донорлық жүрекке ауыстырылды. Бұл әлем бойынша жасалған алғашқы операция. Жүрегі әлсіреген жандарға «Кармат» аппараты салынады. Құны - 1 млн евро. Бұл француз ғалымдарының өнертабысы. Биопротез бізге тегін берілді. Өйткені Қазақстан жүрек операцияларын жасау бойынша халықаралық зерттеу аймағына енген.

ЮРИЙ ПЯ Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығының басқарма төрағасы

Жасанды жүрек – адам ойының жемісі! Қазіргі медицинаның құдыреті. Ал донорлық жүрек – ол бәрібір өлген адамның мүшесі, яғни біреудің трагедиясы. Жасанды аппарат болашақта донорлық жүректің баламасы болуы мүмкін. Сонда біз донор іздеп сабылмаймыз. Әрине, операция жасаудың қауіп-қатері өте жоғары болды. Адам өліп кетуі мүмкін еді. Бірақ біз тәуекелге бардық. Бірақ бәрі ойдағыдай өтті.

Операция 12 сағатқа созылған. Бірегей отаны көруге шетелден 30-ға жуық дәрігер келіпті.

МАХАББАТ БЕКБОСЫНОВА Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығы басқарма төрағасының орынбасары

Ота жасалған Құнанбай Абыраевтың жағдайы қазір жақсы. Павлодарда емделіп жатры. Жасы – 60-та. Бұрын шаруа қожалығында еңбек еткен. Ал донор болған жігіттің ата-анасына алғыс айтамыз. Олар қайтыс болған жас жігіттің жүрекгін ғана емес, бүйрегін де, бауырын да беруге келісті. Осылайша, бір адам, кем дегенде, төрт адамның өмірін сақтап қалды.

Олар - өмірге қайта келген, бір жұтым ауаның қадірін білетін жандар. Енді жаңа жүрекпен өмірдің жаңа белестерін бағындыруға үйренеді.

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: SMART-БІЛЕЗІКТЕР ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
18:23, 21 шілде 2018
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: SMART-БІЛЕЗІКТЕР ҚОЛДАНЫСҚА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ» БӨЛІМІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:52, 10 тамыз 2018
«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ...
Толығырақ...
ҚАШЫР ЖӘНЕ ЛЕБЯЖІ АУДАНДАРЫНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛДІ
20:52, 7 тамыз 2018
ҚАШЫР ЖӘНЕ ЛЕБЯЖІ АУДАНДАРЫНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛДІ
Толығырақ...
«АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫН ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
21:20, 7 тамыз 2018
«АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ...
Толығырақ...