ШҰҒЫЛ! ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ Толығырақ

БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

14:12, 10 қаңтар 2019

Өңірдегі медициналық мекемелердің бас дәрігерлері ұжымында жемқорлық көрінісі байқалса сол үшін өзі де жауап беретін болады. Бүгін облыстың барлық бас дәрігерлері «Ертіс - адалдық алаңы» жобалық кеңесімен бірлесіп, осындай келісімге қол қойды. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Өткен жыл соңында, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті негізінде ашылған «Ертіс» адалдық алаңы жобалық кеңсесі, жемқорлықпен күрес және оның алдын алу мақсатындағы қызметтеріне толық кірісіп кетті. Олар, өңірдегі жемқорлыққа бейім деген салаға қарасты мекеме басшыларымен келісім жасауды бастады. Бірінші болып, аймағымыздағы барлық емханалар мен ауруханалардың бас дәрігерлері жеке бастық жауапкершілік жөніндегі құжатқа қол қойды. Бұл жұмыстарды арнайы сараптамалық топ өз бақылап отырады. 

ШЕРХАН ҚОҚАНОВ, «ЕРТІС - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Денсаулық сақтау мониторинг жүргіземіз. Бұл жәй ғана мониторинг емес, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылап, оны тауып оны шешетін жолдарын сол.

Енді, медициналық мекемелерде тәртіптік және басқада ереже бұзушылықтар орын алса, немесе жемқорлық көрінісі байқалса бірінші басшы да жауапкершілік жүктейтін болады. Жасыратыны жоқ емдеу мекемелерінде түрлі келеңсіздіктер кездесіп жатады. Адамдардың сағаттап кезек күту, науқастардың тиісілі дәрі дәрмектеріне қол жеткізе алмауы, дер кезінде дәрігерге қаралып ем-дом қабылдай алмау. Осы қиыншылықтардың барлығы да жемқорлық тәуекелдігін тудырады.

ЕРЛАН ЕРЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Әрбір медициналық мекеменің жетекшісі жемқорлықпен күрес бойынша атқарылатын жұмыстардан құлағдар. Бүгінгі шара оны одан әрі жетілдіріп, жүйелендіре түседі. Осылайша бірінші басшылардың жемқорлыққа жол бермеуде жауапкершіліктері күшейеді.

Алдағы уақытта «Ертіс – адалдық алаң» өңіріміздегі тағы да бірқатар басқармалармен дәл осындай келісім жасауды көздеп отыр. Олардың қатарында, білім, әлеуметтік сала, ауылшаруашылық, мемлекеттік кіріс, құқықтық орган және сәулет құрылыс пен жер қатынастары мекемелері бар.

Автор: Есенбек САНАТҰЛЫ, оператор: Дәулет ҚОШҚАРБАЕВ.

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЛАРЫ БОЙЫНША АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА
14:06, 10 қаңтар 2019
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЛАРЫ БОЙЫНША АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРД...
Толығырақ...
ЕСІРТКІ ҚОСПАСЫ БАР ДӘРІЛЕР ЖЕТКІЗІЛЕ БАСТАДЫ
14:01, 10 қаңтар 2019
ЕСІРТКІ ҚОСПАСЫ БАР ДӘРІЛЕР ЖЕТКІЗІЛЕ БАСТАДЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ САЙЫН СӘБИЛЕРДІҢ 6-6,5 % АЙ КҮНІ ЖЕТПЕЙ ДҮНИЕГЕ КЕЛЕДІ
17:52, 22 қараша 2018
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ САЙЫН СӘБИЛЕРДІҢ 6-6,5 % АЙ КҮНІ ЖЕТП...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
19:20, 14 қаңтар 2019
«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
19:30, 14 қаңтар 2019
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...