ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР

15:32, 14 маусым 2019

Жақында қаламызда жазылмайтын ауруға шалдыққан жандарға көмек көрсету үшін, Павлодарлық хоспистегі мобильді бригада өз жұмыстарын қайта бастады. Емделушілер бұған өте қуанышты, себебі олар бұл көмекке мұқтаж. Біздің арнамыздың тілшілері хоспис қызметкерлерімен тілдесіп қайтты.

Павлодарлық хоспис  науқастарға паллиативтік көмек көрсетеді. Пациенттердің басым бөлігінің – онкологиялық аурулары бар. Бұл жерде емделушілер өздерін ыңғайсыз сезінбеуі үшін, барлық жағдай жасалған.  

Наталья Тюльпина, мобильді бригада дәрігері:

Біз арнайы терапияны қажет етпейтін науқастарға көмек көрсетеміз. Оның ішінде- ота, химиятерапия, сәулелік терапия. Мысалы олар бұл емдеу курстарынан өтті, бірақ науқас назарсыз қалды. Немесе бұл емдеу түрлері дәрігерлермен тиым салынған болса.

Жақында Павлодар қаласының бас дәрігері Әсем Қасенованың бастамасымен мобильді бригада өз жұмысын қайта бастады. Қызметкерлер көмекке мұқтаж адамдардың  үйлеріне барады.  Пациенттерге тек  медициналық ғана емес, психологиялық да  көмек көрсету маңызды.

Наталья Тюльпина, мобильді бригада дәрігері:

Неліктен мобильді бригаданың жұмысын қайта бастау қажеттілігі туды десеңіздер, кейбіреулер хосписке емдеуге жіберу-бұл үкім деп санайды. Мысалы олар қарапайым медбике, дәрігер келгенің көргенде, біраз бізге деген сенімдері пайда болады. Бұл өте қымбат. Және емделуші кейіннен ауруханаға жатуға келісуі мүмкін.

Бір апта ішінде мобильді  бригада қызметіне жүзден астам өтініш түседі.

Галина Янтуховская, Павлодар қаласының тұрғыны:

Мені ешкім ауруханаға алмайды. Сондықтан хоспис қызметкерлеріне ризамын.  Мен онда үш рет болдым, 15 күндей емделіп, күш жинадым.

Қазіргі таңда хосписте 4 дәрігер, 19 медбике және 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Осының  барлығы кездейсоқтық емес. Өйткені, олар жалғыз адамға-отбасы болуға, өлім аузында жатқан жандарға- үміт  сыйлауға тырысады.

                            

Жансая НҰРБЕКОВА , Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
12:24, 30 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...