ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

19:08, 11 маусым 2019

Дәрігер қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да көп. Травматолог Руслан Сыздықов, қалалық ауруханада қызмет еткелі ширек ғасыр болды. Дипломын алған күннен бері осында. Дәрігер бойға дендеген ауруды сылып тастау үшін қаншама тер төгіп, ұйқысыз түндер өткізеді.

Руслан Сыздықов ердің жасы 50-ге аяқ басты. Өмірінің ширек ғасырын медицинаға арнаған. Бұл саланы таңдауға анасының септігі бар. Ана жолын қуған дәрігер студенттік кезден-ақ аудандық ауруханаларда қызмет жасаған. Оның ойынша, қазіргі таңда кейбір адамдар дәрігерге сенімсіздік таңытады. Медицина саласында кемшіліктердің де көбейіп бара жатқаны жасырын емес. Сондықтан заман ағымына қарай жаңа технологияларды пайдалана отырып, науқасты емдеу бұл біздің басты мақсат дейді, білікті маман.

Руслан Сыздықов, травматолог-дәрігер:

Медицина саласын таңдаған дәрігер үшін ең бірінші, жұмысына деген ұқыптылық болуы қажет деп ойлаймын. Түрлі аурулармен науқастар келеді. Адамдармен психологиялық түрде де жұмыс жасау қажет. Шыдамдылық пен сыпайылықты да қатар алу керек. Науқас толығымен ем қабылдамайынша, мен тыным таппаймын.

Бас ауырып, балтыр сыздай қалса ем іздеп, бәріміз алдарына баратын дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше.

Марина Ескендірова, емделуші:

Руслан Рүстемович ота жасады. Өте жақсы. Қолы жеңіл. Ауырған жоқ. Осы келе жатқан мерекерімен дәрігерлер қауымын құттықтаймын. Жақсылық болсын. Науқастары аз болсын.

Руслан Сыздықов өзінің ізбасарларына да қатал ұстаз. Болашақ дәрігерлерге үлкен талаптар қояды. Семейлік Нұрлан Ауғанов Павлодар қаласының травматология бөлімшесінің өте дамығанын айтады.

Нұрлан Ауғанов, резидентура тәлімгері:

Руслан Рүстемович білікті маман. Мамандығымыз бойынша білген, көргенің үйретіп, аянып қалмайды. Бұл кісі науқаспен, яғни қабылдау бөлімінен күтіп алғаннан, науқасты жазып шыққанға дейін, не істеу керек жақсы үйретеді.

Травматологтардың «Жарақат немесе сынықты емдемейміз, біз ең бірінші адамды емдейміз» деген ұстанымы бар.  Дәрігер ешқашан оқып-тоқыдым деп айтпайды. Олар үнемі ізденіс үстінде жүреді. Руслан Сыздықов, аймақтың кез-келген елді-мекеніне шұғыл аттанатын маманның бірі.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар