ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

57 НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

23:51, 18 қараша 2020

Модульдік инфекциялық стационарда 57 науқас коронавирустан жазылып шықты. Қазіргі уақытта 120-дан астам адам ем қабылдап жатыр. Үш науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы 26 қазаннан бастап жұмыс істей бастады. Осы уақыт ішінде 200-ден астам науқас ем қабылдаған.  

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының м.а.:

Ашылғаннан бері 50-ден аса науқас сауығып шықты. Бүгінгі күні жаңа инфекциялық госпитальде 127 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде үш адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. Осы үш адамның екеуі  өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Модульдік инфекциялық госпитальде 175 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 32 дәрігер, 68-і орта медицина қызметкері.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының м.а.:

Жаңа ашылған модульдық инфекциялық госпитальде 200 төсек-орын дайындалған. Соның ішінде 20 төсек орын реанимациялық бөлімде қамтылған. 20 өкпені желдету аппаратымен қамтылған. Одан басқа, медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныш құралдарымен қамтылған. Осы госпитальде орта есеппен 2 айлық дәрі-дәрмектермен қамтылған.

Жалпы Павлодар облысында ауруға шалдыққандар саны 5144-ке жетті. Өткен тәулікте 61 адам індетті жұқтырған.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының м.а.:

Соның ішінде 34 симптомды, ал 27-де симптомсыз. Осы 64 жағдайдың 34-і инфекциялық ауруханаларға жатқызылды. Қалғандарының жағдайы жеңіл немесе симптомсыз түрде өткендіктен олар амбулаторлық деңгейде ем алып жатыр.

Атап өту керек, күніне модульдік инфекциялық гопитальге індетті жұқтырған 20-ға жуық науқас түсуде.   

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 106 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:08, 2 желтоқсан 2020
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 106 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар