ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

531 АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЖҮГІНДІ

10:07, 30 маусым 2020

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше облыс емханаларында 2,2 мыңға жуық науқас ем алып жатыр. Жағдай әлі ушығып тұр. Өткен тәулікте КОВИД-19 бойынша 35 дерек тіркелді.

Өткен тәулікте өңірлік стационарларға 531 адам медициналық көмекке жүгінді. Белгілі болғандай 285 науқастың өкпесі қабынған. Оның 180 - інде жіті респираторлық вирустық инфекция анықталды. Өткен жексенбіде ақ халатты жандардың жұмысы оңай болмады. Демалыс күні аймақтық жедел жәрдем станциясы 925 шақырым жол жүрген. 103 қызметінің медициналық бригадалары пневманиясы бар 85 адамды және ЖРВИ бар 229 науқасты, сондай-ақ коронавирустық инфекция расталған 11 адамды тасымалдаған.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар