ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

13 ШІЛДЕ – ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

21:19, 13 шілде 2020

48 жасында короновирустан қаза тапқан Павлодарлық Ольга Лошманова «Құрмет» ордені марапатына ұсынылды. Ол Павлодар облыстық психоневрологиялық орталығында учаскелік медбике болып қызмет атқарған.

Аймақта карантин жарияланысымен марқұм алғашқы ашылған блокпостарға өз еркімен сұранып барады. Сол жерде бекеттер алынғаншажұмыс істейді. Кейін өз ұжымына қайтып келеді. Ольга Лошманова осы жылдың 25 маусымында ауруханада көз жұмды. Артында жалғыз ұлы қалды.

Жарылғасын Бектеміров, облыстық психоневрологиялық орталығы наркологиялық бөлімшенің меңгерушісі:

Біздің ортамызда істеп жүрген Ольга Лошманова блокпостқа шақырғанда, ең бірінші болып, баласы мен кәрі анасына қарамай шықты. Коронавирусты өткізбейміз ауданымызға деп, блокпостқа шықты. Сонда жұмысын істеді. Ортамыздан кеткеніне өте қиын болып жатыр. Есімізден ешқашанда кетпейді.

Марқұмның жасы 48-де болатын. Ол өмірінің соңғы 10 жылдан астам уақытын медицинаға арнаған керемет маман және нағыз дос ретінде есте қалды. Ольга Лошманова жұмысына ұқыптылықпен және үлкен жауапкершілікпен қарайтын.

Елена Бодрова, облыстық психоневрологиялық диспансер дәрігері:

Бір жыл бұрын жолдасынан айрылып, мүгедек баласымен қалған болатын. Сондай қиындыққа қарамастан блокбекетке алғашықлардың бірі болып барды. Осындай мықты, өжет жанды  короновирус  арамыздан алып кетті. Өте ауыр қайғыдамыз. Ұжымның әрқашан есінде сақталады оның жарқын бейнесі.

Әріптестері мен достары ыстық ықыласпен қайғыра еске алады. Бәрінен бұрын азаматтық парызын жоғары қоятын тамаша жан осылайша кете барды.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...