ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЕЛІМІЗДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕКЛАРАЦИЯ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

12:52, 25 сәуір 2018

Кедендік рәсімдеу шараларын жеңілдетіп, әкімшілік шығындарды қысқарту үшін елімізде жаңа автоматтандырылған жүйе іске қосылды. «Астана-1» модулінің тиімділігі қандай? Логистика саласы үшін қандай жеңілдігі бар? Келесі бейнематериалда тілішіміз осы сұрақтарға жауап іздейді.

Электронды декларация жүйесін дамыту, тауарды экспорттау және импорт қабылдау кезінде қағазбастылықты жою «100 нақты қадам» бағдарламасының стратегиялық маңызды бағыттарының бірі. Қазіргі күні елімізде әкімшілік шығындарды қысқартып, кеден шараларын жеңілдетуге арналған автоматтандырылған жүйе іске қосылды.

ЮЛИЯ ЩЕПОВА, кедендік операциялар менеджері

-«Астана-1» жүйесі барлық кедендік шараларды қамтиды. Мемлекеттік кірістер департаментінің салықтық деректер базасымен байланыстырылған. Кәсіпорындар, жеке бизнес құрылымдары біріңғай ақпараттық кеңістікте кез келген операцияны жүзеге асыра алады.  

«Астана-1» модулі арқылы Қазақстанда 1-ші сәуірден бастап 4,5 мың декларация тіркелген. Жүйенің тиімділігі уақыт жағынан үнемді. Айналасы 1 минут ішінде электронды декларация дайын болады. Мәселен, өндірісті өңір Павлодарда 770 кедендік декларация рәсімделген. Қаладан қашық орналасқан металлургиялық кәсіпорындардағы логистика мамандары қағазбастылықтан құтылдық-дейді. 

ЮЛИЯ ЩЕПОВА, кедендік операциялар менеджері

-Бұрын біз декларацияны рәсімдеу үшін көптеген құжаттар, анықтамаларды жинап, олардың электронды көшірмесін жасап кеден басқармасына баратынбыз. Ол жерде сертификаттар мен бүкіл келісімшарттарды талап етеді. Экспорттық тауар жөнелту үшін күніне 4-5 рет әрлі-берлі жүреміз. «Астана-1» модулі өте қолайлы. Кез келген ақпарат, тауардың қалай өндірілгеніне дейін  онлайн режимінде тіркеледі. Кеден басқармасына бармаймыз. Импорттық тауар қабылдау кезінде де бүкіл кедендік процес автоматты түрде жүзеге асырылады. 

Жаңа жүйенің тағы бір тиімділігі сыбайлас жемқорлық деректеріне жол берілмейді. Себебі, декларант мамандар кеден қызметкерлермен жүзбе-жүз жолықпай-ақ  тауар рәсімдейді. Бұл логистика саласы кедергісіз дамиды дегенді білдіреді.

Болат АМАНБАЕВ 

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, кедендік рәсімдеу, декларация, 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛАНУДЫҢ БАСТАУЫ.  ҰЛТТЫҚ АРНА МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
16:07, 25 сәуір 2018
ЦИФРЛАНУДЫҢ БАСТАУЫ. ҰЛТТЫҚ АРНА МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫН ТАНЫС...
Толығырақ...
Ел Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ауған соғысының ардагерлерімен, Чернобыль апатының жоюшыларымен кездесті
18:07, 5 қаңтар 2017
Ел Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ауған соғысының ардаге...
Толығырақ...
Ұлт болашағының жоспары Лондонда талқыланды
11:08, 17 маусым 2015
Ұлт болашағының жоспары Лондонда талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
10:36, 28 мамыр 2020
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
12:22, 26 мамыр 2020
8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
Толығырақ...