ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

Ел Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ауған соғысының ардагерлерімен, Чернобыль апатының жоюшыларымен кездесті

18:07, 5 қаңтар 2017

Ел Парламенті Мәжілісінің депутаттары халық қалаулылары атқарып жатқан жұмыстарын түсіндіріп қана қоймай, ардагерлердің мұң-мұқтажын тыңдап, сауалдарына тұщымды жауаптарын да берді.

Мәжіліс депутаттары Елбасының «100 нақты қадам» бағытында Ел Парламентімен атқарылып жатқан жұмыстарды айтып түсіндірді. Дағдарыспен күресуге сеп болатын бес институционалдық реформаның маңыздылығына тоқталды. Былтыр Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісімен 28 заң қабылданыпты. Оның қатарында экономикалық, әлеуметтік блоктарға жіті көңіл бөлінген. Жаңадан қабылданған заңдардың ішінде қауіпсіздік, терроризм мәселесі де қамтылды. Бұл 2016 жылы Қазақстанда ғана емес, әлемде орын алған жәйттарға қатысты болып отыр. Кездесу барысында халық қалаулылары Павлодар облысында ардагерлік ұйымдарға баса мән берілетінін ерекше атап өтті. Осы бағытта біздің өңір өзге облыстарға үлгі бола алатынын жеткізді. Ал ардагерлік қоғамдық бірлестіктер депутаттарға өздерін толғандырған сұрақтарын жолдап жатты. 

Кездесуде Ауған соғысы ардагерлеріне берілетін жәрдемақы мөлшерінің аздығы мәселесі де айтылды. Мәжіліс депутаттары барлық сауалдар ескеріліп, Парламент қабырғасында көтерілетінін жеткізді.   

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛАНУДЫҢ БАСТАУЫ.  ҰЛТТЫҚ АРНА МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
16:07, 25 сәуір 2018
ЦИФРЛАНУДЫҢ БАСТАУЫ. ҰЛТТЫҚ АРНА МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫН ТАНЫС...
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕКЛАРАЦИЯ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
12:52, 25 сәуір 2018
ЕЛІМІЗДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕКЛАРАЦИЯ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
Ұлт болашағының жоспары Лондонда талқыланды
11:08, 17 маусым 2015
Ұлт болашағының жоспары Лондонда талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...