ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЦИФРЛАНУДЫҢ БАСТАУЫ. ҰЛТТЫҚ АРНА МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

16:07, 25 сәуір 2018

Бүгін «Қазмедиа орталығында» «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті. Шараға «Қазақстан» РТРК Стратегиялық маркетинг департаментінің жетекшісі Жаннұр Айдарбекова мен қосымшаны жүзеге асырған компания басшысы Абай Серғазиев қатысты.

Шараға «Қазақстан» РТРК Стратегиялық маркетинг департаментінің жетекшісі Жаннұр Айдарбекова мен қосымшаны жүзеге асырған компания басшысы Абай  Серғазиев қатысты. Аталмыш қосымша арқылы көрермен корпорация құрамына кіретін «Qazaqstan», «balapan» және «Qazsport» телеарналарының телеөнімдерін жоғары сапада тікелей эфирде көру мүмкіндігіне ие болмақ. Яғни, кез-келген жерде, кез-келген уақытта қалаған бағдарламаларын тікелей эфирдің браузері арқылы кіріп тамашалауға болады. Стратегиялық маркетинг департаментінің жетекшісі Жаннұр Айдарбекованың айтуынша:  «Цифрландыру - уақыт және заман талабы. Елбасымыз өз Жолдауында ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу қажеттігін айтқан болатын. Біздің корпорация да осы тың бастамадан тыс қалмауды көздеп отыр.  Бұл қосымша арқылы әрбір қазақстандық өзіне қажетті бағдарламаны сақтау функциясы арқылы жүктеп алып, өзіне ыңғайлы уақытта көре алады. Сондай-ақ, бұл қосымшада басқа да функциялар бар». Айта кетейік, «Qazaqstan TV» қосымшасының ерекшеліктері: жоғары сапалы тікелей эфирдің қолжетімділігі, бағдарламаларды сақтау мүмкіндігі, бағдарламаны ыңғайлы уақытта көру мүмкіндігі, жаңалықтарды аудио арқылы  тыңдау және өзге де функциялардан тұрады.  Енді «Qazaqstan TV» қосымшасының көрермендері телерадиокорпорация құрамына кіретін «Qazaqstan», «balapan» және «Qazsport» телеарналарымен қатар, «Qazaq radiosy», «Shalqar radiosy», «Astana» және «Classic» радиоларын да еліміздің әр бұрышынан тыңдай алады. Айта кетейік, «Qazaqstan TV» қосымшасы AppStore және Play Market  сервистерінде қолжетімді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛІМІЗДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕКЛАРАЦИЯ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
12:52, 25 сәуір 2018
ЕЛІМІЗДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕКЛАРАЦИЯ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
Ел Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ауған соғысының ардагерлерімен, Чернобыль апатының жоюшыларымен кездесті
18:07, 5 қаңтар 2017
Ел Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ауған соғысының ардаге...
Толығырақ...
Ұлт болашағының жоспары Лондонда талқыланды
11:08, 17 маусым 2015
Ұлт болашағының жоспары Лондонда талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...