ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ЗИЯЛЫ ҚАУЫММЕН КЕЗДЕСУ

20:05, 27 желтоқсан 2019

Аймақ басшысы жаңадан ашылған «ERTIS» музейінде зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жыл бойы мәдениет саласында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, бірқатар мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ, қоғамға қосқан үлесі үшін мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Биыл облыстың мәдениет саласында жасалған дүние аз емес. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үлкен біраз жұмыстар атқарылды. Жаңа ауыл, Кенжекөл ауылдарында мәдениет ошақтары ашылды. Келесі жылы басқа да ауылдарда бұл жұмыстар қолға алынбақ. Ал жылдың басты жаңалығы «Ertis» музейінің ашылуы болды.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Ендігі жылы Ямышев ауылында мәдениет үйі салынады. Есілбай ауылында мәдениет үйі салынады.

Май ауданында Қалмаққырған мекенінде археологиялық, этнографиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл тарихи орыннан 100-ге тарта жәдігер табылған. Ал Торайғыров университетінде халықаралық ғылыми конференция өткізілді. Келесі жылы Қалмаққырған, Әулиекөл жерлерінде археологиялық қазба жұмыстары жалғасады.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Өте күрделі мәселе біз үшін. Үлкен жұмыстар жасалды. Біздің жолымыздағы алғашқы археологиялық жұмыстар. Бірінші қадамдар деп ойлаймын. Қаражат өткен жылы бөлінді. Биыл да бөліп жатырмыз. Археологиялық жұмыстарға 50 млн қаражат бөліп жатырмыз. Сондықтан жұмысты жалғастырамыз.

Сондай-ақ, аймақ басшысы облыстың өнер ошақтарының республикалық «Рухани қазына» конкурсында жеткен жетістіктерімен де бөлісті. Зиялы қауым өкілдері аймағымызда айтыстың сирек өтетіндігін айтып, келесі жылы Иса Байзақовтың мерейтойына орай айтыс өткізуді ұсынды.

Ғалымбек Жұматов, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:

Нағыз Исаның мерекесінде өткізбегенде, қашан өткіземіз деген сияқты. Осы бір мәселе. Назарға алатын дүние. Осыны қарастырсаңыз.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Ертістің екі Майрасы деп,айтысты өткізіп берш деп. Айтып жатқаныңыз жөн. Ойластырайық. Өткізейік.

Аймақ басшысының айтуынша, келесі жылы «Анаға тағзым» ескерткіші бой көтереді. Сонымен қатар, облыс орталығында Абай Құнанбайұлының, Естай Беркімбайұлының ескерткіштері, ал Екібастұз қаласында Бауыржан Момышұлының ескерткіші орнатылады. Жиын барысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай сабақтар беру де ұсынылды.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР АУДАНЫНДА КИЕЛІ ЖЕРЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
11:00, 20 ақпан 2020
ПАВЛОДАР АУДАНЫНДА КИЕЛІ ЖЕРЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ШАРБАҚТЫ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРҒАН АУДАНДАРДЫҢ БІРІ
10:55, 20 ақпан 2020
ШАРБАҚТЫ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРҒАН АУДАНДАРДЫҢ БІРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар