ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ ЖАЙЫ

18:55, 1 қараша 2019

Жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Барлық жылу электр стансаларындағы жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Осы күнге дейін облыс орталығында шамамен 400 млн теңгенің күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жасалған. Бұл туралы әкімдікте өткен аппарат жиынында мәлім болды. Ал, аймақ басшысы көмір бағасын бақылауда ұстауды қала және аудан әкімдеріне тапсырды.

Өңірде 26 негізгі қуат қондырғыларына жөндеу жұмыстары жасалған. Тағы бесеуі ретке келтіріліп жатыр. Екібастұз МАЭС-1 дің №2 энергоблогы мен Еуразия Энергетикалық корпорациясының №6 энергоблогына жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барлығы жоспар бойынша атқарылуда. Әлеуметтік маңызы бар мекемелер көмір қорымен толық қамтамасыз етілген. Қыс қалыпты түрде өтеді, деп сендіріп отыр мамандар.

Мұрат Әбілқалықов, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

Көмір жеткізу бойынша. Барлық әлеуметтік нысандар қысты күні қалыпты температураны ұстап тұру үшін жоспарлы көмір қорымен артығымен қамтамасыз етілді. Мәселен, қыста 122,8 мың тонна көмір жағылатын болса, қазірдің өзінде 136,1 мың тонна тас көмір жеткізілген. Дегенмен, Ақтоғай, Май және Аққулы аудандарында кешігулер бар. 

Әр аудан орталығында көмірді жеткізіп, таратып беретін бекеттер бар. Бүгінгі таңда қатты отынның орташа бағасына тоннасына 7-ден 16 мың теңге аралығында. Облыс әкімі көмір бағасының күрт өсуіне жол бермеуді тапсырды.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Мен аудан және қала әкімдеріне көмір бағасын өз бақылауларыңызға алуды тапсырамын. Тұрғындармен тұрақты жұмыс жасаңыздар. Қысқа жетерлік көмірді қазірден түсіріп алсын. Әйтпегенде, қыста боранды күндері қымбаттап кетеді. Мен мұны жылда айтып келемін. Біздің жақтың қысының қандай екенін білесіздер. Сондықтан, бағаны жіті бақылауда ұстаңыздар.

Сала мамандары өңірде әзірге көмір тапшылығының жоқ екенін айтып, сендіріп отыр. Бүгінгі таңда бағаны негізсіз көтеретін және заңсыз көмір сатумен айналысатындарға қарсы жұмыс тобы құрылған. Олардың құрамында құзырлы мекеме өкілдері бар. Болат Бақауов, әлеуметтік желілердегі арыз-шағымдарды да қаперге алуды тапсырды.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Барлықтарыңыздың инстаграмм парақшаларыңыз бар. Сол жерге кім көмірді қымбат сатып жатқанын сұрасаңыздар адамдар өздері-ақ айтатын болады.

Биылғы жылыту маусымы қарскаңында облыс орталығында 9 шақырым инжденерлік жүйеге жөндеу жұмыстары жасалған. Бұл шараға 398 млн теңге жұмсалды.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...