ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

14:36, 3 наурыз 2020

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен жиында – өңірдегі жылыту маусымының өту барысы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, қала басшылығы мен тиісті мекемелер жетекшілердің жұмысы сынға алынды. Шаһардың санитарлы аймағын қажетті деңгейде тазаланбағаны және жолаушылар тасымалдайтын атвопарктердің жағдайына байланысты сөгіс жарияланды.

Алқалы жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Қуат Есімханов өңірдегі жылыту маусымының өту барысымен таныстырды. Оның айтуынша, биылғы жылы аймағымыз бойынша коммуналдық желілердің зақымданулардың саны көбейген. Маусымда, электр-жылу және сумен жабдықтау жүйесінде ақаулықтар орын алған. Электр қуаты ауа райының қолайсыздығына байланысты, жылу мен су желілері кәсіпорындардағы технологиялық талаптардың бұзылуынан өшірілген.

Сұңғат Есімханов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Келіп түскен өтініштерді саралай отыра, 814 жағдайдың 91-де судың қайнау мөлшерінің жетіспеуі - жылумен жабдықтаушы ұйымдардың кесірінен болғандығы расталды. Температуралық режим орындалмаған. Осындай жағдайлар тұрғын үйлерде тіркелген. Не себептен деген сұрақ тұрғын үй инспекцияларына қойылуы керек.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бұл жерде дұрыс шараларды қолға алуымыз керек. Өйткені, қолғ алынған шешімдер желілерлің жұмыс істеу сапасына кедергі келтіреді. Қатты отын бар, электрэнергия жылумен қамтудың басты қадамдары.

Күн тәртібінде – қала және аудан аймақтарынан қарды тазалау және шығару жұмыстары сөз болды. Кейбір елді-мекендерде су басу қаупі бар. Сондықтан, бұл мәселе назарда болу керек.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Температуралық режимді бір қалыпта ең бірінші әлеуметтік нысандарда, емханаларда, тұрғын үйлерде, ұстауды тапсырамын. Тұрғындардың өтініштеріне дереу әрекет етіп, қатты отынның қымбаттауына жол бермеу керек. Сонымен қатар, алда болатын жылыту маусымының жол картасын әзірлеуді тапсырамын.

Аймақ басшысы сондай-ақ, наурыздың 1-нен бастап қоғамдық көліктерде қатынау үшін тұрғындарға берілетін жеңілдіктер мәселесін қозғады.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Алғыс айту күні, мереке күндері көп балалы аналар, мүгедектерді жеңілдіктер боййынша тасымалдау қойылған ба? Бұл қалайша болғаны?

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

Тасымалдаушы компаниялармен келісім-шарт жасалды. 1-ші мамырға дейін олар жеңілдіктердің 17 түрі бойынша тұрғындарды тасымаолауы тиіс. Павлодар автокомбинат ұйымы, өзі осындай шешімге келді.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бұл өте нашар. Бір сұраққа қайта-қайта оралып жатырмыз. Тасымалдаушылармен жұмыс жасамағансыздар.

Қала әкімі мен басқарма басшыларына сөгіс жарияланды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Мен Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқарамасының басшысына - аймақ тұрғындарын қамту жұмыстарын қажетті деңгейде атқармағаны үшін, Павлодар қаласының әкімі қаладағы санитарлық аймақтарды қардан тазалау жұмыстарын дұрыс атқармағандығы үшін сөгіс жариялаймын.

Әбілқайыр Сқақов, облыс тұрғындары көтерген мәселелер жиналыстарда талқылануы тиіс. Оларға дұрыс шешім қабылдап, проблеманың қайта орын алмауын қамтамасыз ету керектігін басып айтты.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ БАҚЫЛАУДА
10:49, 3 тамыз 2020
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар