ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

18:57, 14 тамыз 2019

Шаһардағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер жылыту маусымына қаншалықты дайын? Күн тәртібінде тұрған бұл сұрақтың жауабына ТҮКШ мамандары, тұрғын үй инспекциясы өкілдері және қалалық мәслихат депутаттары арнайы рейд барысында қанық болды.

Жылыту маусымына аз ғана уақыт қалды. Қазіргі уақытта қаланың коммуналдық қызметтері инженерлік желілерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын белсенді жүргізуде. Жалпы, 2019 жылы ұзындығы 9,210 метрді құрайтын магистральдық және аулаішілік желілерді жөндеу жоспарланған болатын. Бүгінде оның  4257 метрі дайын. Қалалық мәслихаттың депутаттары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы өкілдері жүргізген  көшпелі комиссия жоспардың орындалу барысымен толығымен танысты.

Станислав Богатырёв, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты:

Біз жылыту маусымына дайындық кезінде алаңдаушылық тудыратын мәселелерді қарастырдық. Өкінішке орай, бізде олар әлі де бар. Біздің басты проблемамыз - күрделі жөндеудің мерзімі. Мердігерлер  15 қыркүйекке дейін барлық апаттық учаскелерді, барлық күрделі жөндеу жұмыстарын және орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға уәде береді.

Арнайы комиссия тек 8 учаскені аралады.  Солардың бірі-  1 мамыр көшесіндегі күрделі жөндеуден өткен 4 нысан.  Құбыр ауыстырылғанымен,  оның салдарынан төтенше жағдайлар қайта орын алған. Шілде айының соңында құбырларды ауыстыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Сергей Дузь, «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас инженерінің орынбасары:

Соңғы сынақтардың нәтижелері бойынша, зақым кейбір құбырлардың қанағаттанарлықсыз жағдайы анықталды. Нәтижесінде біз диаметрі 273. 00.16 болатын 80 метрлік құбырды ауыстырдық

Тексеру барысында тұрғындардың шағымдары бойынша Айманов көшесі 8 үйдің ауласына да кезек келді. Тұрғындардың айтуы бойынша, мұнда  3 жыл бұрын сумен жабдықтау арнасы арқылы жұмыс жүргізілген. Осыдан кейін тұрғындар арна орнын қалпына келтіріп, жақсартуды сұраған. Шағымдарды тыңдап болғаннан кейін, комиссия осы аймақтағы желілердің өтуіне байланысты ешқандай жұмыс жүргізу мүмкін емес деген қорытындыға келді.

Қанат Желдібаев, тұрғын үй инспекциясының  басшысы:

Өткен жылы параметрлер аз болғандықтан, адамдар жылу инженерлері қажетті параметрлерді бермегендіктен ғана емес, үй дайын  болмағандықтан, жұмыс жүрмеді.  Адамдар  бұл жылы жағдайдың  ауыр болатынын да,  пәтерлерде суық болатынын да  түсінді. Біз мақсатты төлемдерді жинай бастадық, соған байланысты сервистік ұйымдар дайындалып жатыр.

Қабылдау комиссиясы өз жұмысын алдағы уақытта да жалғастырады. Қаланың ауылдық жерлеріндегі бірқатар нысандарды аралау да жоспарланған.

 

ӘСЕЛ ЖАҚСЫБАЙ, Валерия СТЕПЧУК

Тақырып бойынша материалдар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
18:51, 19 тамыз 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...