ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖАСАЛУДА

10:01, 23 қаңтар 2020

2019 жылы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында өзгерістер орын алған болатын. Яғни, парасаттылық және ескерту бағыттары бойынша арнайы құрылымдар пайда болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агенттік бизнес өкілдерін шенеуніктердің заңсыз әрекеттерінен қорғау бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Осылайша, аймақта «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы іске қосылды. Жоба шеңберінде 400 млн теңге болатын 24 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілді.

Айдар Тастеміров, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

Барлық бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар оң нәтижесін көрсетті. Атап айтатын болсақ, 2019 жылы 150 заң бұзушылық тіркелді. 7,7 пайызды құрайды. Алдағы уақыттарда да осы бағытта жұмыстар атқаратын боламыз.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында жүйелі жұмыс атқарып жатқан ұйымдар қатарында «Ертіс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі белсенділік танытуда. Тұрмыстық жемқорлық деңгейін азайту және азаматтар мемлекеттік қызметке оңай қол жеткізуі шеңберінде 20-дан астам түрлі жобаны іске асырды. Сонымен қатар, адалдық және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыратын 1500 шара өткізді.

Ризабек Исабеков, «Ертіс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

Өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі жандар онлайн билет сатып ала алмайтындығын анықтадық. Ол үшін жарым жан жандар сапаржайға барып, кассаға өздерінің жеке куәліктерін көрсетулері керек. Біз бұл мәселеге бей-жай қарамай, «Адал жол» жобалық кеңсесіне хабарластық. Қазіргі таңда оң шешімін тапты. Бұл біз атқарған шаралардың бір пайызы ғана. Жалпыға жария еткеннен гөрі, іспен дәлелдеген дұрыс.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік және жекеменшік сектор ұйымдарында 65 «Парасаттылық сағаттары» өткізілді. 537 адам қабылдаудан өтіп, оның 320-сы өз құқықтарын қорғап шықты. Жалпы айтқанда 2019 жылы алға қойылған міндеттер толықтай жүзеге асырылған. Алдағы уақытта агенттіктің мақсаты айқын. Ол – қоғамдағы жемқорлық фактілерін анықтау.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...