ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІНІҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ДЕПУТАТТАР БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ Толығырақ

ЖЕЛЕЗИНДЕ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 40 ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

16:20, 12 маусым 2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Железинка ауданының сакралды жерлерін ретке келтіру көзделген. Бұл туралы аудан әкімі Қанат Қашкиров өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифингіде мәлімдеді. Ал облыстың 80 жылдығына орай жерлестер кездесуі ұйымдастырылмақ.

Былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Железин ауданында 40 шара ұйымдастырылған. Бұл бағытқа 7 миллион 284 мың теңге жұмсалып, 4500 адам жұмылдырылды. Ерекше атап өтетін шара – «Мектебіме тағзым» акциясы болып отыр. Өткен жылы ауданның 18 мектебі игі шараға қатысқан. Бұрыңғы түлектер мектептеріне 17миллион 858мың теңге көлемінде көмек көрсетті.   

ҚАНАТ ҚАШКИРОВ, Железинка ауданының әкімі

Мәселен, мектеп түлектері Жаңа жұлдыз ауылында воркаут алаңын, хоккей кортын және стритбол алаңын орнатып берді. Тағы бір түлегіміз өзі оқыған білім ордасында компьютерлік сынып ашып берді. Тағы бір азамат Лесная елдімекенінде стелла орнатты.

«1000 Ай-ти» сынып жобасын жүзеге асыру аясында №1 Железин орта мектебінде заманауи кабинет ашылған. Бұл кабинетте ауданның қара домалақтары робототехниканың қыр-сырын меңгеретін болады. Сондай-ақ,  Қанат Қашкиров «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ауданның сакралды мекендерін ретке келтіру жоспарланғанын мәлімдеді.

ҚАНАТ ҚАШКИРОВ, Железинка ауданының әкімі

«Золотая грива» сакралды мекенін жарықтандыру жоспарланған. Бұдан бөлек, бұрынғы мәдениет үйін қалыпқа келтіреміз. Ол жерде мұражайлар, ардагерлер кеңесі мен ассамблея орналасатын болады.

Ал облыстың 80 жылдығына орай ауданда жерлестер кездесуі өтпек. Шараға табысты түлектерді шақыру көзделіп отыр. Жүздесуде ауданның проблемалы тұстары талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылмақ.  

Салтанат НЫСАНБЕК

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
10:18, 20 маусым 2018
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
«ӘКІМ САҒАТЫ» ХАБАРЫ ЕРТІС АУДАНЫНДА ӨТТІ
09:55, 14 маусым 2018
«ӘКІМ САҒАТЫ» ХАБАРЫ ЕРТІС АУДАНЫНДА ӨТТІ
Толығырақ...
БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 420 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
17:43, 13 маусым 2018
БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 420 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
11:30, 19 маусым 2018
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛД...
Толығырақ...