ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ЖАҢА АУЫЛДЫҚТАР ҚАЛАДАН ӘЗЕР ҚАТЫНАЙДЫ

14:12, 11 қаңтар 2019

Облыс орталығының қарасты Жаңа ауыл тұрғындарының қаладан қатынауы үлкен күш. Жол сапасыздығын айтпағанда, ауыл мен қала арасына жүретін автобус жоқтың қасы. Әсіресе, кешкі мезгілде сегіз шақырым жердегі Павлодардан ақшасы барлар таксимен, жоқтар жаяу жетеді. Қала әкімі Әнуар Күмпекеевпен кездескен Жаңа ауылдықтар осы мәселелерін ортаға солды.

Жаңа ауыл – облыс орталығынан сегіз шақырым қашықтау болғанына қарамастан Павлодар қаласының бір шағын ауданы болып есептеледі. Әйтсе де өркениеттен сәл қалып қойған. Өркениет деп біз қала мен ауыл ортасының қатынасын меңзеп отырмыз. Екі ортаға қатынайтын №14 автобус бірде бар, бірде жоқ. Автопарк оны тиімсіз деп бағыттан да алып тастаған. Павлодарский ауылына қатынайтын №44 автобусқа жету үшін жол бойына шығу керек. Ал, кешкі сағат сегізден кейін Павлодардан жету қиын. Тұрғындардың көбісі облыс орталығында жұмыс жасайды. Ал, ауыл жасөспірімдері қалаға келіп түрлі спорттық секцияларға қатысады.    

ТАТЬЯНА СҮЛЕЙМЕНОВА, ЖАҢААУЫЛ  ТҰРҒЫНЫ

После 8-и часов уже Жанаауыл уехать не могут...Аударма: Кешкі сегізден кейін Жаңа ауылға жету қиын. 14-ші автобус ол кезде жүрмейді. Сондықтан адамдар 44-ке отырып жолдан түсіп қалып балаларымен ауылға жаяу жетеді. Үлкен кішісіне қарамай барлығы да жаяу жүреді. Сондықтан осы мәселені реттесе дейміз.

Жаңа ауылдықтардың тағы бір жанайқайы жол. Былтырдан бері ауыл көшелерін асфальттау мен жарықтандыру мәселелері ақырындап шешімін тауып келеді. Әйтсе де, әлі де жолы жөнделмеген жарық орнатылмаған көшелер бар. Тұрғындардың мұң - зарын тыңдаған шаһар басшысы Әнуар Күмпекеев, олардың өтініштерін ескеретінін айтты.

Автор: Есенбек САНАТҰЛЫ, Оператор: Қанат АХМЕТЖАНО.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 29 СЕССИЯСЫ
20:35, 15 наурыз 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 29 СЕССИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар