ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

12:05, 12 қараша 2019

Биылғы жазда Баянауылдағы демалыс орындарында 130 мыңнан астам турист демалған. Маралды көліне 36 мың демалушы келген. Әйтсе де, осыдан екі-үш жыл көрсеткіш одан жоғары болатын, дейді аймақ басшысы. Көрсеткіштің неге құлдырап кеткені бүгін әкімдікте өткен аппарат жиналысында талқыланды.

Өңірде туризмді дамыту бойынша есеп берген сала басшысы Марат Айдашев, осы жазда Баянауылдағы демалыс орындарында 133 мың адам демалып қайтқанын айтады. Мұны естіген облыс әкімі Болат Бақауов, басқарма басшысының келтірген цифрына сенгісі жоқ. Өйткені, туристердің ерекше көп болғанын көзбен көргенін айтады, әкім.

Баянауылский курортный зона посетила 133 тыс человек, Маралды 36 тысячи. Вы упали. Как так получается. 170 тыс человек было дава-три года назад. Щась получилось меньше. В этом году в Баянауыле видели мест не было не то что там на уличе пере ночевали.

Марат Айдашев, бұл мәліметті демалыс айлағында қызмет көрсететін ұялы оператор байланыстарынан алғанын айтады. Олар курортты аймаққа келген кеткен адамдардың барлық дерегін тіпті жасы мен жынысына дейін анықтап бере алады екен. Қысқы туризмге демалушылар тартудан кемшіліктер жоқ емес. Мырзашоқыдағы шаңғы базасы туралы ақпараттар өте аз. Туристер Жасыбайға барғанымен шың басына жетуден қиындық көреді екен.        

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Мен бұл туралы бір жыл бұрын айтқанмын. Факель демалыс үйі жатар орынмен қамтамасыз етеді. Ал, туристерді тау басына қалай жеткіземіз, қандай жолы бар? Ол жерге автобус шығарып Мырзашоқы тауына жеткізіп тұрамыз ба? Осы жағын қарастырмағансыздар.

Қазір Мырзашоқы шаңғы базасы демалушыларды қабылдауға дайын. Тек қарды жауғанын күтіп отыр. Облыс орталығындағы туризмді дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады. Аймақ басшысы, Усолка шағын ауданында триатлон спорт базасын салуды жетелдетуді тапсырды. Ал, облыс орталығындағы мейрамханалардың асханасы мен қонақ үй кешендеріне көңілі толмайтынын жасырмады.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкім:

Қаладағы мейремхана бизнесі шатқаяқтап тұр. Асханасы нашар. Оны да жөнге салу керек, бұл да туризм. Болмағанда төр жұлдызды қонақ үй жоқ, қалада. Оны қай жерге салуға болады.     

Туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашевтің мәліметінше, осы жазда Баянауылдағы демалыс орындарына келіп кеткен туристердің 65 пайызы разы боп қайтса, қалған 35 пайызы қызмет көрсету сапасына сын айтып кеткен. Ал, Маралды көліне келушілердің 78 пайызы жоғары бағасын берген.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...