ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ТЕРЕҢКӨЛДЕ ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

10:11, 21 ақпан 2020

Тереңкөл ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен жылы 59 шара ұйымдастырылды. Оның 30-дан астамы қоғамдық маңызды, әлеуметтік-мәдени шаралар. Оған 6500-ға жуық адам қатысты. Ал, ауданда 2020 жылы қандай жобалар қолға алынып, жүзеге асырылады.

Тереңкөл ауданында 2019 жылы жалпы сомасы 12 миллион теңге болатын  37 ірі шара ұйымдастырылған. Елдімекенде «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде «Мектебіме тағзым» акциясы жүзеге асырылды. Акция аясында жергілікті мектептердің түлектері  4,4 миллион теңгеге демеушілік көмек ұсыныпты. Сонымен қатар, құны 2 миллионға теңгеге домбыра кабинеттері ашылды. 

Ернұр Әйткенов, Тереңкөл ауданының әкімі:

Ауданда 2020 жылға іс-шаралар жоспары құрылған.  Жоспарда 60-қа жуық іс-шаралар қарастырылған. Атқарылатын іс-шаралар ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған.

Сондай-ақ, 2020 жылы, ауданда  дінтанушы, әулие, ұстаз Сейділдә-қажының бейіті жөндеуден өтіп, Қошман батырдың жерленген жері абаттандырылады. Бұл үшін қаражат «Рухани жаңғыру» қорынан, жергілікті демеушілер есебінен қарастырылады. Ұлы Абайдың 175-жылдық мерейтойы да кең көлемде атап өтілмек.

Ернұр Әйткенов, Тереңкөл ауданының әкімі:

Абайдың 175-жылдығына байланысты бізде ауданда 50-ден астам іс-шаралар жоспарлап отырмыз. «Әлем таныған ұлы Абай» атты ғылыми- практикалық конференция, ол кеше ғана өтті. Екінші, «Абай әлемі» атты әдеби-музыкалық кеш. Ол кеште ақындар мен шығармашыл топ Абай өлеңдерімен, шығармашылығымен бөлісетін болады.

Осылайша, ауданда  Әл-Фарабидің 1150  жылдығына 30-дан астам, Алтын Орданың 750 жылдығына 25  және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына 40-тан астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. «Рухани жаңғыру» аясында, ұлттық спорт түрлерін дамытуға да баса назар аударуда. Жыл басынан бері мында  асық атумен қазақ күресінен турнирлер өткізілді.

 

 Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМГЕ КӨШТІ
15:12, 18 наурыз 2020
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМГЕ КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...