ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ШАРБАҚТЫ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРҒАН АУДАНДАРДЫҢ БІРІ

10:55, 20 ақпан 2020

Шарбақты – Рухани жаңғырған аудандардың бірі. Бұлай дейтін себебіміз – ауданда былтырғы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген игі істер жүзеге асырылды. Атқарылған ауқымды жұмыстар мен тындырылған тың дүниелер туралы аудан әкімі Әзілхан Әбеуов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында баяндады.

Аудан әкімі Әзілхан Әбеуов баяндама басын 2019 жылды қорытындылаумен бастады.  Өйткені өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген шаралар жүзеге асырылған. Кеңінен нақыталйтын болсақ, есілбай ауылының маңындағы облыстық маңызы бар Шақат-Шалдай автожолының бойынша ұлттық нақыштағы кафе ашылды. Ғабдул Уахит Хазірет кесенесін жарықтандыруға бюджеттен қаражат бөлінді. Бұдан бөлек, «Қарағай алаңы» деген атаумен отбасы типіндегі демалыс үйі ашылды. Бұл – тек жүзеге асқан жұмыстың ең ауқымдысы ғана. Ал, демеушілердің есебінен қолға алынғандары қаншама?!

Әзілхан Әбеуов, Шарбақты ауданының әкімі:

Боранды күні жиналып, келгендеріңізге көп рахмет. Енді «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 2017 жылдан бастап жұмыс атқарып жатырмыз. Ауданда бізде эксперттік кеңес құрылған 2017 жылы. Жыл сайын іс-шаралар бағдарламасын өқткізіп отырамыз. Бұл іс-шаралар бағдарламасы облыстық эксперттік кеңесте бекітіледі.

Былтырғы жылы ауданда екі домбыра сыныбы ашылған. Оқушылардың ұлттық танымын арттыру мақсатында мәдени-әдеби үйірмелер де өз қызметін тоқтанқан емес.

Әзілхан Әбеуов, Шарбақты ауданының әкімі:

Негізі өздеріңіз білесіздер, мектептерде «Асыл мұра», «Руханилықтың мөлдір бқлағы», «Жан шуағы», «Өлкеміздің киелі жерлері» атты бізде клубтарымыз бар. Ауылдарда жұмыс істеп жатыр. Қолөнер үйірмелері де ашылған. Ауданымызға танымал адамдармен мектеп оқушыларын кездестіру жүргізіліп отырады. Экологиялық акциялар жүргіземіз. Мәнерлеп оқу конкурстары ұйымдастырылып отырады. Бұл негізгі жүйеде.

Шарбақты өңіріміздегі экологиялық таза аудандар қатарында. Ал, осы табиғаты тамылжыған тазалықты рухани жаңғыру жолында жасалған жұмыстар толықтырып тұрғандай. Осыдан екі жыл бұрын Шалдай орманында атпен экскурсия жасау жобасы қолға алынған болатын. Бұл игі іс қазірде жалғасын тауып келеді.

Әзілхан Әбеуов, Шарбақты ауданының әкімі:

Өте жақсы жоба. Біз өткенде желтоқсан айында аралап өттік. Енді постоянно спрос жоқ. Алдын-ала звондап, атпен серуендеп қайтамыз десеңіздер туристический маршрут бар. Есілбай ауылынан бастап, орманның ішімен где то 25-30 шақырымдай Ғабдул Уахит мавзолейіне дейін атпен серуендеу бізде туристтік несі бар.

Ғабдул Уахит Хазірет кесенесі демекші, биылғы жылы киелі жер аумағын жарықтандыру қолға алынбақ. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Аудан басшылығы бұл шаруаны күн жылысымен бастамақ ниетте. Бұдан бөлек, 2020 жылы аталмыш бағдарлама аясында 50 ден астам іс-шара жүзеге асырылмақ. Оның сегізі ірі жоба.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМГЕ КӨШТІ
15:12, 18 наурыз 2020
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМГЕ КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...