ШҰҒЫЛ! ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ Толығырақ

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЗІЛХАН ӘБЕУОВ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ӨТКЕН ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ

12:52, 4 ақпан 2019

Бүгін Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуов тұрғындар алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жиынға аймақ басшысы Болат Бақауов қатысып, аудан басшысының есебін тыңдады.

Шарбақты ауданы  аймағымыздағы  ауыл шаруашылығы  қарқын алған өңір.  Өткен жылы  ауданда 19 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Жаңадан 2 шаруа қожалығы ашылып, 35 адам жұмыспен қамтылды. Әлеуметтің әлеуетін арттыру мақсатында бір қатар жұмыстар қолға алынған. Нәтижесінде халықты еңбекпен қамту көрсеткіші жоғарлады.

ӘЗІЛХАН ӘБЕУОВ – ШАРБАҚТЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиында тұрғындар әкімге өздерін толғандырған сауалдарын жолдады. Өкінішке қарай, кейбір ауылдарда пошта бөлімшесі таршылық етсе, ал кей елді-мекенде медициналық мекемелер атымен жоқ.

ӘЗІЛХАН ӘБЕУОВ – ШАРБАҚТЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Есептік кездесу барысында аймақ әкімі аудан басшысына бір қатар нақты тапсырмалар жүктеді.  Оның ішінде етті мал шаруашылығын дамыту, ұсақ мал басын көбейту мен шағын және орта бизнесті дамыту сынды өзекті түйткілдер бар.

 

Өзгеріс ҚУАНАР

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ТӨРТ ЖЫЛУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
11:12, 11 сәуір 2019
БИЫЛ ТӨРТ ЖЫЛУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
10:42, 16 сәуір 2019
2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
Толығырақ...