ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІГІН АТҚАРУҒА КІРІСТІ Толығырақ

«САРЫАРҚА» ШАҒЫН АУДАНЫНДА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

19:52, 5 шілде 2018

Павлодардың «Сарыарқа» шағын ауданында жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Болат Бақауов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған пәтерлердің кілтін Астананың 20 жылдығына орай табыстады. Қоныс той иелерінің қуанышымен арнамыздың түсіру тобы да бөлісіп қайтты.

Аумағы төрт мың шаршы метрлік тоғыз қабатты жаңа тұрғын үйге 72 отбасы қоныстанды. Бұл – «Сарыарқа» шағын ауданында ескі баспаналардың орнына салынған 13-ші нысан. Бір кездері қиял көрінген ауқымды жоспар қазір шындыққа айналып, халық қуанышқа бөленуде. Жергілікті билік құрылысқа қарқын берген «Нұрлы жер» бағдарламасын межеленген уақытта іске асыратынына нық сенімді. Жаңа шаңырақ кілтін аймақ басшысының қолынан қабыл алғандардың бірі – Ботагөз Мамыржанова. Төрт баласын қанаттыға қақтырмай өсірген ана 3 бөлмелі кең пәтерге ие болды. 15 жыл күткен кезегі дәл бүгін келгеніне көзі сенсе де, өзі сене алар емес. Жақында жүздеген павлодарлықты осындай қуаныш күтіп тұр. Жыл соңына дейін  Сарыарқа шағын ауданында тағы 8 үй пайдалануға берілмек.

Рымбек ҚАБИДЕН

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 29 СЕССИЯСЫ
20:35, 15 наурыз 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 29 СЕССИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар