ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

САЛЫҚТАҒЫ ЖЕҢІЛДІКТЕР

14:54, 12 ақпан 2020

2017 жылы елімізде салық кодексіне өзгертулер мен түзетулер енгізілген болатын. Сол өзгертулердің кейбірі биылғы қаңтардан бастап күшіне енді. Жаңа өзгерістер бизнес өкілдері үшін жайлы.

Оны кәсіпкерлерге көмек көрсету республикалық орталығының жетекшісі павлодарлық іскер азаматтарға егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. 2020 жылдан бастап күшіне енген салық кодексіндегі өзгертулерде тіркелген салықты толығымен алып тастаған. Мәселен, компьютер клубы, бильярд, боулинг, картинг және валюта айырбастау қосындары қосымша тіркелген салық төлеп келген. Енді оны валюта айырбастау қосынынан басқалары төлемейді. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдермен тауар алмасатын кәсіпкерлер негізгі салықтан босатылды.

Дмитрий Казанцев, кәсіпкерлерге көмек көрсету республикалық орталығының жетекшісі:

Егер сіз Ресейге, Қырғызстанға, Арменияға және Беларусияға тауар экспорттайтын болсаңыз, немесе сол елдерден әкелетін болсаңыз, онда сіз негізгі салықтан босатыласыз. Әйтсе де, жанама салықты төлейтін боласыз. Яғни, айналымдағы табысыңыздың үш пайызын төлейсіз.

Соңғы кездері елімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Басы артық тексерулерді тежеп, әкімшілік кедергілерге жол бермеу үшін үш жылдық мараторий жарияланды. Биылғы мараторий осымен үшінші реткі. Осы жылғы мараторийде алдыңғыда кеткен қателер ескерілген. Дегенмен, тексерулер кейбір бизнес субьектілеріне жүргізіледі. Мәселен, адамның өміріне жаппай зиян келтіретін бизнеске мараторий жүрмейді. Сол себепті, тамақтану орындарын санитарлық қызметтер тексере алады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:38, 26 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар