ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІНІҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ДЕПУТАТТАР БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ Толығырақ

Президенттің 5 бастамасы қалалық әкімдіктің активінде талқыланды.

17:12, 12 наурыз 2018

Президенттің әлеуметтік 5 бастамасы қалалық әкімдіктің активінде талқыланды. Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің төрағалығымен өткен жиында жергілікті атқарушы орган өкілдері мен кәсіпкерлер үндеудің маңыздылығына тоқталды.

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған «бес әлеуметтік бастама» бағдарламасы бойынша Павлодар қаласында біршама жұмыстар қолға алынбақ. Шаһар әкімі Нұржан Әшімбетовтің сөзінше,  бірінші кезекте  тұрғындарды баспамен қамтуға баса назар аударылады. Бұл мақсатта облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса тағы 12 үй салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар халықты көгілдір отынмен қамтуға да көңіл бөлінбек. 

Бұдан бөлек,  5 бастама аясында  шағын және орта бизнесті дамыту да қарқын ала түседі. Енді кәсіп ашып, одан нәсіп көрем деген ағайынға  жеңілдетілген несиелер берілмек.  Бұл  кәсіпкерлердің кәсібін кеңейтіп,  қанат кеңге жаюына мүмкіндік береді.

Бұдан былай жастардың жоғары білім алуына ерекше жағдай жасалмақшы. Бұл ретте, оларға 20 мың білім гранты бөлініп, 75 мың орындық жатақхана салынады. Бұл істің барлығы да өңірдің дамуына тың серпін беріп,  мектеп түлектерінің жоғары оқу орнына түсуіне үлкен үміт сыйлайды деп күтілуде.

Бастамада айтылған тағы бір өзекті мәселе – жалақыны көбейту үшін салық түсімдерін азайту. Аталған шаруаны іске асыру мақсатында Павлодарда нақты  жұмыстар жүргізіліп, халықтың табысын арттыру тетіктері қаралмақ.  

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
10:18, 20 маусым 2018
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
«ӘКІМ САҒАТЫ» ХАБАРЫ ЕРТІС АУДАНЫНДА ӨТТІ
09:55, 14 маусым 2018
«ӘКІМ САҒАТЫ» ХАБАРЫ ЕРТІС АУДАНЫНДА ӨТТІ
Толығырақ...
БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 420 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
17:43, 13 маусым 2018
БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 420 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
11:30, 19 маусым 2018
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛД...
Толығырақ...