ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ПРАЙМЕРИЗ: СҰРАҚ-ЖАУАП КЕЗЕҢІ

21:23, 15 қыркүйек 2020

Партия ішілік сайлау жалғасуда. Бүгін ел алдындағы пікір-сайыс кезеңі басталды. Бұл қыркүйек айының 30-на дейін жалғасады деп жоспарланған.

Ертіс-Баян өңірі бойынша 600-ден астам адам Праймеризге қатысуға өтінім берген. Олардың 43-пайызы нәзік жандылар. Үміткерлердің 3/1-і 35 жасқа дейінгі жастар. Сонымен қатар, тізімде қандастар, көпбалалы аналар және мүмкіндігі шектеулі жандар бар.  

Илья Теренченко, «NUR OTAN» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Ұйымдастыру коммитеті облыс бойынша Праймеризге қатысты шаралардың дұрыс атқарылуын қадағалап отырады. Айта кету керек, бұл сайлауға жастар қауымы өте белсенді ат салысуда. ТҮКШ, экология және ден саулық сақтау мәселелерін көтеріп отыр. әрине, бұл көңіл қуантады.

Павлодар қаласы бойынша 117 өтінім келіп түсті. Алғашқыларды бірі болып 6 үміткер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Талапқа сай пікірталасқа  10 адамнан артық қатысуға болмайды. Әр қатысушы өз платформасын 3 минут ішінде тарқатып айтып беруі керек.

Айгүл Мәлікова, «NUR OTAN» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Ең бастысы бізде күн тәртібінде олар Павлодар қаласының яғни, проблеммаларын көрсету және оның шешу жолдарын көрсетеді. Екінші кезең бұл сұрақ жауап. Яғни, әр қайсысы, бір-біріне сұрақ беріп, жауап алады.

Бұдан бөлек, бұл пікір сайысты тәуелсіз сарапшылар бақылауға мүмкіндік алды. Олар қала тұрғындары мен сан түрлі саланың қызметкерлері. Шаһар тұрғыны Роза Құсайынова реабилитология бағытында еңбек етеді. Оның айтуы бойынша аталмыш салаға басымдық беру керек. Себебі, мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналары көмекке өте мұқтаж.

Роза Құсайынова, қала тұрғыны:

Мен осы салада еңбек ететін маман ретінде айтқым келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандармен күнде жұмыс істеймін. Менің оларға жаным ашиды. Жүрегім ауырады. Сондықтан болашақта сайланатын партия мүшелері осы бағытқа көңіл бөлсе екен. Қалай көмектессе де мейлі, тек сұрақ сыртта қалмаса деп тілеймін.

Әр пікір сайыс 90 минуттан аспау керек. Бұл кезең 30-шы қыркүйекке дейін жалғасады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ КОРОНА-КРИЗИС: ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
19:02, 27 қыркүйек 2020
БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ КОРОНА-КРИЗИС: ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Толығырақ...
БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
17:27, 27 қыркүйек 2020
БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар