ШҰҒЫЛ! ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАР ЖӘНЕ ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНДАРЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

14:34, 27 желтоқсан 2018

Өңірімізде кадрлық ауыс-түйіс. ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттардың келісімімен Тереңкөл және Павлодар аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды. Ауданның су жаңа басшыларын аймақ әкімі Болат Бақауов таныстырды.

Тереңкөл аудандық мәслихатының  кезектен тыс сессиясында ауданның жаңа басшысы таныстырылды. Бұл лауазымға 53 жастағы Ернұр Әйткенов тағайындалды. Жаңа әкімнің 3 бірдей жоғары білімі бар. 2006-2014 жылдар аралығында Май және Баянауыл аудандарын басқарған. Ал 2014-2016 жылдары  аймақтың ауыл шаруашылығы  басқармасына жетекшілік етті. Осы уақытқа дейін Аққулы ауданында әкім болып қызмет атқарды.  Жиында аймақ басшысы  жаңа әкімнің жұмыстағы көп жылдық тәжірибесі мен  білім-білілігін осы ауданды дамытуға жететіне сенім білдірді. Әрі оның алдына бір қатар нақты тапсырмалар да жүктеді.

БОЛАТ БАҚАУОВ – ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінде біз Европалық қайта құру және даму және Азиялық даму банкімен бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Егер инвесторды өздеріңіз іздемесеңіздер, ешкім сіздерге ақша әкелмейді.

Сондай-ақ, жиында  жаңа әкімге суармалы  егіншілік пен шағын және орта бизнесті дамытуды, сондай-ақ, салық түсімдерін толықтырудың қосымша көздерін қарастыру керектігі де жүктелді. Оның ішінде жеңілдетілген пайызбен берілетін несие арқылы етті мал шаруашылығын дамытуы керек.

БОЛАТ БАҚАУОВ – ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазіргі таңда ауданда етті мал шаруашылығымен шаруалар неге айналыспайды деген сұрақ тұр. Сондықтан, әрбір фермермен жеке жеке жұмыс жүргізілуі керек! Керек болса, квота да бөлінуі тиіс.

ЕРНҰР ӘЙТКЕНОВ -  ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал Тереңкөл  ауданының экс әкімі Жанат Шұғаев енді Павлодар ауданынын басқаратын болады. Аймақ әкімі ауданның бұрынғы басшысы Александр Бабенкоға алғысын білдірді.

58 жастағы  Жанат Рәшитұлы -  Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген.  2004-2006 жылдары Солтүстік облысының Аққайың ауданын басқарды. Ал 2009-2013 жылдары Железинка, Ертіс аудандарын және соңғы 4 жылда Тереңкөл ауданында әкім болып қызмет еткен.

Жиында  облыс әкімі аудан басшысына шағын және орта бизнеске мониторинг жүргізіп, аудан бюджетінің  дұрыс игерілуін бақылауға алуды тапсырды.

БОЛАТ БАҚАУОВ – ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сізге аудан қазынасын қайта қарап, экономикалық потенциалын нығайтуға бағытталған жұмыстарды күшейтуді жүктеймін.  Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару бойынша жұмыстарды қолға алыңыз!

Сонымен қатар жаңа әкімге аудан орталығына лайықты елді-мекенді тауып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу нысандарын ашу тапсырылды. Сондай-ақ, тауар бағаларын облыс орталығындағы бағамен сәйкестендіруді әрі жергілікті диқандарға көмек көрсетуді жүктеді. 

 

Өзгеріс ҚУАНАР, Мурат АБИЛМАЖИТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БІР ҚАТАР АУДАНДАРЫНДА АУЫЛДЫҚ ОКУРГТЕР БІРІКТІРІЛЕДІ
19:26, 15 қаңтар 2019
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БІР ҚАТАР АУДАНДАРЫНДА АУЫЛДЫҚ ОКУРГТЕР Б...
Толығырақ...
ЖҰМЫСТА ІШІМДІК ІШКЕН ЖЕТІ ҚЫЗМЕТКЕР СӨГІС АЛДЫ
20:33, 14 қаңтар 2019
ЖҰМЫСТА ІШІМДІК ІШКЕН ЖЕТІ ҚЫЗМЕТКЕР СӨГІС АЛДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА АУЫЛДЫҚТАР ҚАЛАДАН ӘЗЕР ҚАТЫНАЙДЫ
14:12, 11 қаңтар 2019
ЖАҢА АУЫЛДЫҚТАР ҚАЛАДАН ӘЗЕР ҚАТЫНАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
19:20, 14 қаңтар 2019
«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
19:30, 14 қаңтар 2019
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...