ШҰҒЫЛ! ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕН 165 ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛГЕН

19:59, 28 желтоқсан 2018

Биыл павлодар облысына оңтүстік өңірлерден 165 отбасы көшіп келген. Қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан тиісті әлеуметтік көмектер көрсетілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Павлодар облысының әкімі БОЛАТ БАҚАУОВ айтты.

Баспасөз мәслихаты барысында аймақ әкімі осы жылға қорытынды жасап, тілшілер сұрақтарына жауап берді.

КТМ: Биылғы жылы аймақ экономикасы 4,5 пайызға өскен. Оның ішінде өнім өндіру көлемі де біршама артты. Өңірде қазына қаржысының игерілуі де оң нәтиже көрсеткен. Баспасөз мәслихаты барысында журналистер облыс әкіміне сан саланы қамтыған түрлі сұрақтарын қойды. Тілшілер қауымы, аймағымызда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы  мардымсыз екендігін тілге тиек етті.  Бұл ретте, өңір басшысы жұмысты жандандыру бойынша тиісті шаруалар қолға алынып жатқандығын айтты.

СНХ: БОЛАТ БАҚАУОВ -  ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиында әлеуметті толғандырған өзекті түйткілдер де сөз болды. Көпшіліктің көкейінде жүрген Екінші Павлодар аумағындағы жер асты суының жай күйі де айтылды. Аталған мәселе бойынша шаһарда биылғы жылы ауқымды жұмыс жүргізілген.

БОЛАТ БАҚАУОВ -  ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біз барлығын зерттеп, тексердік. Жаз бойы онда мамандар жұмыс істеді. Жер асты суын жинатын қазандық салынып, дренажды жүейсі қалыпқа келтірілді. Жиналған судың барлығы құбырлар арқылы орталық жүйеге құйылатын болады. Сондықтан, жыл сайына бұл аумақты бақылауда ұстайтын боламыз!

Сонымен қатар, жиында аймақ басшысы Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевке қатысты болған шулы мәселеге де пікір білдірді. Өңір басшысының айтуынша, бұл оның  қызмет жолындағы алғашқы әрі ең үлкен қатесі. Сол тсебептен де, оған  сөгіс бергендігін айтуда. Ал Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуовке қатысты ақпарат дұрыс таратылмағанын жеткізді. Сондай-ақ, брифингте Болат Бақауов тіл мәселесіне де қатысты да ойымен бөлісті.

Баспасөз мәслихаты барысында облыс әкіміне барлығы 50-ге тарта сауал қойылды.  Аймақ басшысы бұндай кездесулерді жарты жыл сайын өткізіп тұру туралы ұсынысында жеткізді.

 

Өзгеріс ҚУАНАР

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БІР ҚАТАР АУДАНДАРЫНДА АУЫЛДЫҚ ОКУРГТЕР БІРІКТІРІЛЕДІ
19:26, 15 қаңтар 2019
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БІР ҚАТАР АУДАНДАРЫНДА АУЫЛДЫҚ ОКУРГТЕР Б...
Толығырақ...
ЖҰМЫСТА ІШІМДІК ІШКЕН ЖЕТІ ҚЫЗМЕТКЕР СӨГІС АЛДЫ
20:33, 14 қаңтар 2019
ЖҰМЫСТА ІШІМДІК ІШКЕН ЖЕТІ ҚЫЗМЕТКЕР СӨГІС АЛДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА АУЫЛДЫҚТАР ҚАЛАДАН ӘЗЕР ҚАТЫНАЙДЫ
14:12, 11 қаңтар 2019
ЖАҢА АУЫЛДЫҚТАР ҚАЛАДАН ӘЗЕР ҚАТЫНАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
19:20, 14 қаңтар 2019
«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
19:30, 14 қаңтар 2019
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...