ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

ПАВЛОДАР ӘКІМІ ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

15:45, 9 ақпан 2019

Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев тұрғындармен кездесіп, 2018 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Сонымен қатар шаһарымыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі жақсарту мақсатында биылғы жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.

Ал кездесуге жиналған халық болса көкейінде жүрген мәселелерді айтып, қала әкіміне аталған қиындықтарды шешуге көмектесуін сұрады. Павлодар қаласы экономикасының негізгі діңгегі ол - өндіріс саласы. Атап өту керек, кәсіпорындар өнімі соңғы 1 жылда 5,2 пайызға өскен. Осылайша өндіріс құны 774 млрд теңгеге жетті.

ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ – ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Металл өндіру саласында өсім байқалады. Бұл сала қаладағы тауар өндірісінің 50 пайызын құрайды. 2018 жылғы өнім көлемі өткен жылғымен тең дәрежеде. Тауар құны 433 млрд теңгенің басын құрады. Химиялық өндірісте 110,8 пайыз өсім байқалады.  Машинажасау саласындағы өндіріс 107,9 пайызға жеткен.

Есеп барысында қала әкімі мұнай өңдеу саласының дамып келе жатқаны туралы да алға тартты. Соңғы жаңашаландыру жұмыстарынан кейін өңделетін қара алтын көлемі 12,5 пайызға ұлғайған. Нәтижесінде салықтан бюджетке келіп түсетін түсім де артқан. Әнуар Күмпекеев Елбасының соңғы жолдауында айтылғандай индустрияландыру кәсіпорындарға жаңа технологияларды енгізуде басты қозғаушы күшке айналуы тиіс дейді. Бүгінгі күні Павлодардағы кәсіпорындар пайдаланып жатқан Европалық құрал жабдықтар өнім көлемін арттыруға себін тигізіп келеді. Мұндай оң өзгерістер аграрлық салада жақсы сезіледі. 2018 жылы ауыл шаруашылығына аса мән беріліп, 4 инвестициялық жоба жүзеге асқан. Есесіне кәсіпорын өндімділігі ұлғая түскен.

ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ – ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ленинский ауылында элеватор салынды. Ол 37 тонна астық сақтауға арналған. Жетекші ауылында күнбағысты өңдеп, сұйық май өндіретін кәсіпорын  ашылды. Тереңкөлдегі агро құс фермасы қаз өсіру жағынан жақсы нәтиже көрсетуде.  Бір жылда 52 тонна ет береді.

Алдағы уақытта тағы 12 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Оған 5 млрд теңге қаражат бөлініп, тағы 290 адам еңбекпен қамтылатын болады. Қала әкімі халықтың ең өзекті мәселелерінің бірі инженерлік инфрақұрылымға да баса назар аударды. Соның ішінде жер асты суын сорғызу проблемаларына тоқталып, оны уақытында тазарту үшін қосымша 4 ұңғыма жасатқандарын айтты. Ал Чкалов мен Димитров көшелеріне дейінгі аралықта кәріз жүйесі бір ізділікке келтірілетінін тілге тиек етті. Десек те, қала тұрғындары арасындағы жалғыз қиындық мұнымен шектелмейді. Мәселен, Усолка шағын ауданының тұрғындары үйлеріне жылу жүйесін тартқыза алмай отырғандарын айтады. Қала әкімі өзекті мәселесімен келген әр адамды бір-бірлеп тыңдап, жақын арада шешуге тырысатынын айтты.

 

Гүлден ТӨЛЕГЕН

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІБАСТҰЗДА КӨП БАЛАЛАЛЫ 13 ОТБАСЫНА ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ
09:59, 19 ақпан 2019
ЕКІБАСТҰЗДА КӨП БАЛАЛАЛЫ 13 ОТБАСЫНА ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ЕКІБАСТҰЗДА КӨП БАЛАЛАЛЫ 13 ОТБАСЫНА ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ
15:44, 18 ақпан 2019
ЕКІБАСТҰЗДА КӨП БАЛАЛАЛЫ 13 ОТБАСЫНА ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
БОЛАТ БАҚАУОВ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
18:41, 15 ақпан 2019
БОЛАТ БАҚАУОВ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...