ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ПАВЛОДАР АУДАНЫНДА КИЕЛІ ЖЕРЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

11:00, 20 ақпан 2020

2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар ауданында 8 жоба іске асырылды. Олардың құрамында шамамен 200 қоғамдық маңызды, әлеуметтік мәдени шара ұйымдастырылып, 8500-ден астам адам қатысқан. Бұл туралы аудан әкімі өңірлік коммуникациялар баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

2019 жылы аймақтық киелі жерлер тізіміне екі орын тіркелді. Олар: Мичурин ауылдық округіндегі Үміт апа кешені және Нұрғали Хазіреттің жерленген жері. Өткен жылы аудандық бюджет және «Игілік-Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының есебінен Үміт апаның жерленген жерін абаттандыру шаралары өтті. Зиратқа апаратын кіреберіс жолда орташа жөндеу және оған қарасты аумақта жөндеу шарасы жүргізілді. Осы жылы Нұрғали Хазіреттің моласын ретке келтіру жұмыстары жалғасын табады.

Жанат Шұғаев, Павлодар ауданының әкімі:

Туристік базаның ұйымдастырушысы Рүстемов жеке кәсіпкері өңірдің сокралды жерлеріне бару арқылы ат пен туристік маршруттар әзірлеу жоспарлады. Ол өзінің жобасын Үміт апа ауылының қасында Мичурин ауылында ашайын деп отыр. Биыл осыны аяқтай ма деп отырмыз. Қаражат бөлініп отыр. Жобаның жалпы соммасы 33 млн теңгені құрайды. 13 жұмыс орны ашылады деп ойлап отырмыз. Сосын ар жағында өзі 4-5 ғана Үміт апа ауылына баруға ат маршрутын жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Абайдың 175 жылдығына орай аудан мектептерінің оқушылары үшін Ұлы ақынның туған жеріне «Жидебай ауылына саяхат» атты экскурсиялық сапарлар ұйымдастырылып, 100 баланы қамтыған.

Жанат Шұғаев, Павлодар ауданының әкімі:

Біздің биылғы негізгі міндеттеріміздің бірі халықтың барлық санаттарын бағдарламаның жүзеге асырылуына қамту және де біріктіру болып табылады. Басты миссия аудан тұрғындарының қоғамдық сананың жаңғыру идеясы айналасына біріктіру. Барлық жобалар мен іс-шаралар бағдарламаның нақты мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін ұйымдастырылады.

Павлодар ауданы биыл да былтырғы жобаларды жалғастыра отырып, бірнеше жүйелі жұмысты қолға алмақ. Оның ішінде, «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде Мичурин ауылында «Жас тұлпар» белсенді демалыс туристік базасын ашу жоспарлануда. Бұл «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын дәріптеуге бағытталмақ.  

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМГЕ КӨШТІ
15:12, 18 наурыз 2020
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМГЕ КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...