ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ПАРТИЯЛЫҚ БИЛЕТТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

20:12, 3 шілде 2020

Елорда күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында – партиялық билеттерді табыстау рәсімі өтті. Бұдан бөлек, бірқатар павлодарлық Елбасы атынан алғыс хаттармен «Халық алғысы» медалі марапатталды.

«Nur Otan» партиясына қабылдау рәсімі – барлық санитарлық талаптарды сақтау бойынша өтті. Бетперде мен қолғап киіліп, әлеуметтік арақашытық сақталды. Партия мүшелегіне қабылданушы азаматтарға партиялық билеттерді облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко табыс етті.

Илья Теренченко, облыстық «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Партияның жаңа мүшелерінің ішінде, көбінесе «Biz birgemiz» республикалық акциясына белсенділік танытқан еріктілер. Науқан аясында 14 мың отбасыны азық-түлік жиынтықтарымен қамтамасыз етілді.

Партия қатарына қабылданғандардың бірі - Марина Фелькер. Ол «Қазақстан Аллюминиі» акционерлік қоғамы өндірістік-техникалық бөлімнің маманы. Ал 22 жастағы павлодарлық белсенді Ернар Балтабай «Халық алғысы» медаліне ие болды. Маусымның 8-і күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекциясымен күрес жолында ат салысқан адамдарға медаль беру туралы бұйрыққа қол қойған болатын.

Ернар Балтабай, ерікті:

Бұл медальды мен, жалғыз өз арқамда емес, қаламыздың волонтерлері, жолдастарымыздың арқасында алдым. Баршымыздың жұмылдырылған күштеріміздің арқасында мен осындай марапатқа ие болдым. Бұл менің ғана жеңісім ғана емес, менің жолдастарымның волонтерлеріміздің жеңісі деп білемін.

Осы бір қиын қыстау кезеңде «Biz birgemiz» акциясына қатысқан 13  белсендіге Елбасы атынан алғыс хаттар берілді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
12:08, 10 тамыз 2020
ШАҺАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...