ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ОНЛАЙН АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

20:55, 28 шілде 2020

Облыстағы тұрақтандыру қорындағы дәрі-дәрмек көлемі жеткілікті. 109 бірыңғай байланыс орталығының да жұмысы қарқынды жүргізілуде. Тіпті карантин кезеңінде тұрғындарға төленетін бір реттік әлеуметтік жәрдемақының мәселесі де кедергісіз шешілуде. Ал, ауылшаруашылығы саласына келетін болсақ, шешімі табылмаған мәселелер бар. Осы және өзге де сұрақтар онлайн ұйымдастырылған аппараттық жиналыста талқыланды.

Өңірдегі совид-19 індетіне қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дәрі-дәрмектің 1 айға жететін қоры бар. Бұл тізімге өткен аптаның соңында жеткізілген препараттарды да жатқызуға болады. Бұл бағытта өңілдегі кәсіпкерлердің де қосқан үлесі зор. Сонымен қатар 109 бірыңғай байланыс орталығының да жүктемесі арта түсті. Күніне 2000 қоңырау келіп түссе, соның 30 пайызы медицина саласына қатысты. Осы ретте аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов 1 тамыздан бастап медициналық қызметтің сапасын арттыруды тапсырды. 

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бізде 2,5 млн қаптамадағы үш рет кең көлемде дәрі-дәрмек жеткізілді.  Жалпы соммасы 700 млн теңге. Яғни, бүгінгі таңда дәріханалардағы 1 айлық қор жеткілікті болуы керек. Қалған жұмыстарды жақын арада бас дәрігерлермен бірге талқылайтын боламыз.

Ал, 42500 теңгенің жыры не болып жатыр деген сауалға жауап бере кетсек. Облыс бойынша бұл бір реттік әлеуметтік көмекті 63 мыңнан астам адам алды. Әзірге туындаған қиындықтар жоқ. Ал, карантин талаптарын бұзғандар қатары көбеймесе сиреген жоқ. Арнайы мониторингтік топтың ықпалымен 109 заң бұзушылық анықталып, 9 млн-ға жуық айыппұл салынған. Бұдан бөлек, қысқы жылыту маусымына дайындық барысы да жаман емес. Тек, ауа-райының құбылуына байланысты 4 рет электр желілерінің бұзылу фактісі анықталған. Қазіргі таңда ақау қалыпқа келтірілді.

Сұңғат Есімханов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

Өзіңіз бастап, барлық әріптестермен бірігіп қарап жатырмыз. Сол жұмысты әрі қарай жалғастыру және келесі жылу беру маусымына дайындықты да бақылауға алып, күнделікті режимде жұмыс жалғасып жатыр. құрметті Әбілқайыр Бақтыбайұлы негізгі жағдайлар осы. Әкімдердің рейтінгі экономика басқармасы істеген. Барлық әріптестер біледі, көрді. Әрқайсысына тоқтаудың керегі жоқ шығар. Ауданның әкімдері мен қаланың әкімдері өздерінің көрсеткіштерін біледі.

Онлайн жиында көтерілген үшінші мәселе азаматтардың сұрақ-салаударына қатысты болды. Облыс әкімдігіне жүгінгендердің басты мәселелері баспана мен медициналық қызметтерге қатысты болып отыр. Жиында баяндама жасаған шаһар басшылары бұл сұрақтардың шешіліп жатқандығын айтып сендірді. Ал, ауылшаруашылығы саласының жағдайы мүлдем басқаша. Бұл жердегі басты назар ауылшаруашылығын дамыту бағдарламаларын іске асыру жұмыстарына ауып отыр. Осы ретте аймақ басшысы Ақтоғай ауданында 1000 бас ірі қараға арналған сүт тауарлар фермасының құрылыс қарқынымен танысты. Бұл жерде қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі:

Қазіргі таңда Жоламан ауылы маңында 1000 басқа арналған сүт туарлар фермасының құрылысы жүргізіліп жатыр. жобаның жалпы құны 7 млрд 115 млн теңге. Қазіргі уақытты несиелік компаниялар қаржыландыру жұмыстарын қарап жатыр. бүгінгі таңда іргетасы қаланып, монтаждау жұмыстары жасалуда. Бұл жерде 35 адам жұмыспен қамтылған. Нысан 2021 жылы іске қосылады.

Дәл осындай сүт тауарлар фермасы Павлодар ауданында да бар. Биыл тағы екеуінің құрылысы басталады. Жиын соңында Әбілқайыр Сқақов барлық шаруалардың жүзеге асырылу барысын өзі қадағалайтындығын жеткізді.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ КОРОНА-КРИЗИС: ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
19:02, 27 қыркүйек 2020
БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ КОРОНА-КРИЗИС: ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Толығырақ...
БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
17:27, 27 қыркүйек 2020
БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...