ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ БЮДЖЕТІ ҚАЙТА ҚАРАЛАДЫ

10:50, 13 ақпан 2020

Мемлекет басшысы басы артық іс-шараларды доғарып, қаржыны үнемдеуді тапсырған. Осыған байланысты өткен жылы бекітілген өңір бюджеті, қайта қаралатын болады. Миллиардтан артық теңге қаржы үнемдеу көзделген. Бұл туралы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов, қоғамдық кеңес мүшелері алдындағы есеп беру жиынында баяндады.

Алдымен экономикаға көз жүгіртсек. Өңірде экономика 3 пайызға артып, өндірілген өнім көлемі 2 трлн. теңгеге жуықтаған. Әйтсе де, үш пайыз тоқмейілситін сан емес. Өңірлік жалпы ішкі өнім бойынша республикада алтыншы орындамыз. Алға қарай ұмтылыс керек. Ол үшін инвестиция көлемін арттыру қажет. Биылғы меже 500 млрд теңге.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Біздің алдымызда 2024 жылға дейін тұрақты жұмыс орнын ашатын сапалы инвест жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр. 2020 жылы 500 млрд теңгенін инвестициясын тарту жоспары бар. Осы ретте 1000 адамды жұмыспен қамтитын 8 жоба іске қосылады.

Кәсіпкерлікті дамыта отырып, ауылшаруашылығын да назардан тыс қалдырмау қажет. Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 29 пайызы ауылда тұрады. Ауыл тұрғындары қол қусырып қарап отырмай жұмыспен қамтылуы керке. Көп жағдайда қырдағы шаруа қожалықтары маман жетіспеушілігінен зардап тартып отыр.

Тито Сыздықов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы:

Ауылдық жердің жастарын жұмыспен қамту және оларға нақты ауылға керекті мамандық алу. Слесарь, тракторист, механизатор, толып жатыр. Сантехник, медврач қазір керек және жергілікті жерде шаш алғызуға мамандар керек, аспаздар керек, мал бағатын бордақылайтын мамандықтар қазір жетіспейді.

Осы жылы аймақтағы 18 елді мекенде  29 әлеуметтік нысандар жөнделеді. Сондай-ақ, «Ауыл ел-бесігі» жобасы аясында ауылдарда мәдениет үйі, спорт кешендері салынып, ішкі жолдар жөнделеді. Биыл, 3,4 млрд теңгеге жалпы саны 59 жоба жүзеге асады.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бұл елімізде енді ғана қолға алынып жатқан кешенді жоба. Бұл, ауылдағы тұрғындардың қал ахуалын айтарлықтай жақсартады, деген сенім мол. Ауыл қашан да ел экономикасындағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Сондықтан ауылды дамытуға барынша назар аударылады.

Өткен жылы өңірде 332,5 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Яғни, 10 көпқабатты үй салынып, 706 тұрғын қоныс тойын тойлаған. Биыл құрылысқа қазынадан 54,5 млрд теңге бөлінді. Бұған мемлекеттік  бағдарламалар арқылы 140-тай құрылыс пен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Биыл, үш қала мен Ертіс, Железин аудандарын қосқанда барлығы 38 көп қабатты үй салынады. Әйтсе де әкім, құрылыс стратегиясын өзгерту қажет дейді.  

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Облысқа тұрғындардың қажетіне жарайтын жаңадан құрылыс стратегиясы қажет. Өйткені, қаншама үйлер салынып жатқанымен пәтер кезегі азаймай тұр. Сондықтан, бұл мәселені біз сіздермен бірлесіп ақылдасып шешуіміз керек.

Біздің облыс елді-мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жағынан республикада көш соңындағы өңірдің бірі. Ауыл тұрғындарының 40,1% ғана таза ауыз сумен қамтылған. Биыл бұл межені 48,7% пайызға жеткізу көзделген. Ол үшін 36 жоба қолға алынды. Айтпақшы, ел Президенті шығындарды азайтып, қазынадан шашау шығармауды тапсырған. Осы ретте әкімдік, өңір бюджетін қайта қарамақшы. 1,5 млрд теңгені үнемдеу жоспары бар.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
11:33, 11 тамыз 2020
АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...
ШАҺАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
12:08, 10 тамыз 2020
ШАҺАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...