ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІНІҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ДЕПУТАТТАР БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ Толығырақ

Өңірде жарияланған экология жылында қандай жұмыстар атқарылады?

13:13, 13 наурыз 2018

Павлодар облысында 2018 жыл «Экология жылы» деп жарияланды. Бұл ретте, өңірімізде қоршаған ортаны қорғау бойынша бірқатар жобалар легі іске асырылмақ. Мысалы, экологиялық бағытта 35 гектар аумаққа, 250 мың түп қарағай ағашы отырығызылады. Бұдан бөлек, Павлодар өңірі республика бойынша алғашқылардың бірі болып қоқыс қалдықтарын арнайы контейнерлерге жинақтап, оларды сұрыптайтын компанияларға тапсыру жобасын қолға алып отыр. Осы және өзге де экологиялық мәселелер облыстық әкімдікте өткен жиын барысында талқыланды.

Павлодарда ауа құрамындағы зиянды қалдықтарды дәлме-дәл анықтайтын заманауи зертхана іске қосылмақ. Арнайы  орталық өз жұмысын тамыз айында бастайды деп жоспарланған. Ал қолданыстағы қазіргі тасымалды зертхана ауадағы кейбір элементтерді көрсетіп, химиялық қалдықтар мен сынапты анықтауға қауқарсыз дейді мамандар. Жалпы, биылғы жыл аймағымызда экология жылы деп жарияланды. Соның аясында билік өкілдері әуелі ауа сапасын анықтауға айрықша назар аударып отыр. Осылайша, Павлодарға мамыр айына дейін замануи 15 лабораториялық қондырғы жеткізілмек.

ҚАДЫЛЖАН САТИЕВ, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы

"Мысалға айтқанда егер де бір өндірістік кәсіпорын шамадан тыс ластау заттарын шығарса оны лаборатория құралдары көрсетіп. Бұл жағдайда тиісті органдар арнайы тексерістер жүргізеді. Мамыр айына дейін келеді".

Павлодар өңірі алғашқы болып қоқыстарды жеке жинау жүйесін іске асыруға кірісті. Белгілі болғандай бүгінде қаланың 5 мектебіне қоқысты жекелей жинастыратын арнайы контейнерлер орнатылған. Айта кетейік, аталмыш жәшіктер ағымдағы жылдың  соңына дейін шаһардағы білім ордаларының барлығына қойылатын болады. Осылайша, алдағы уақытта қаптарға жеке жинастырылатын қағаздар мен пластиктер  арнайы компанияларға тапсырылмақ. Сондай-ақ, өңірдегі ауа сапасы да басты назарда. Бұл ретте, қалада атмосфералық ауа мониторингісін жүргізетін 5 эко пост жұмыс істеуде. Ал, олардың нәтижесі шаһардың орталық көшелерінде орнатылған ЛЭД-экрандарда көрсетіліп отырады. Облыстық экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев бүгінде экологиялық мәселелерді тиімді жүзеге асыру мақсатында барлық кәсіпорындармен бірқатар жобалар іске асырылып жатқандығын мәлімдеді.

Аймақ басшысы өңірдегі кәсіпорындар мен үкіметтік емес ұйымдардың аталған іс шараларды  іске асыруы бойынша  жобалық офис құрып, «Жол картасын» әзірлеуді өзінің орынбасары  Дәурен Махажановқа  жүктеді.

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
10:18, 20 маусым 2018
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
«ӘКІМ САҒАТЫ» ХАБАРЫ ЕРТІС АУДАНЫНДА ӨТТІ
09:55, 14 маусым 2018
«ӘКІМ САҒАТЫ» ХАБАРЫ ЕРТІС АУДАНЫНДА ӨТТІ
Толығырақ...
БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 420 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
17:43, 13 маусым 2018
БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 420 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
11:30, 19 маусым 2018
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛД...
Толығырақ...