Өңір басшысы Болат Бақауов Павлодар қаласының көшелерін аралап көрді

14:19, 6 қаңтар 2017

Бүгін өңір басшысы Болат Бақауов Павлодар қаласының көшелерін қардан тазарту бойынша аулаларды аралап көрді. Шара барысында омбы қардан аяқ алып жүргізісіз бұл жерлерді уақытылы тазаламаған коммуналдық шаруашылық қызметкерлері мен жеке аула иелерін сынға алды.

Қазіргі таңда қалың қар әр павлодарлықты алаңдатқан мәселеге айналды.  Тіпті,  орталық көшелердің өзінде қалың қардан жаяу жүру мүмкін болмай тұр. Осыған орай қаланы аралауға облыс әкімінің өзі арнайы шығып,  жағдайды өз көзімен бақылап қайтты. Шарада сөз алған аймақ басышысы  қаланы қардан аршуға  тиісті  коммуналдық қызмет  өкілдеріне  тым болмағанда, үй аулаларын тез арада тазартуды керектігін тапсырды.  Сондай-ақ, бұл үшін бүгін таңертең қосымша 10 техника  шығарылғандығын.

Шара барысында қалалық  тұрғын үй үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Зікірия Сұлтанғазиев мәселені бір апта ішінде толығымен шешіп, қаланы қардан тазартатындығын жеткізді. 

Бұл мәселені тезірек шешу үшін облыс әкімі Болат Бақауов  жаппай сенбілік ұйымдастырып, қала тұрғындарын тарту керектігін айтты.  Тек осылай ғана бұл шаруаны  тезірек шешуге болады дейді өңір басшысы.   

Бүгінде Павлодар қаласында 435 аула бар. Қазірде оның 60-тан астамының қары тазаланып, қалыпқа келтірілді. Ал кейбір аулалардың тұрғындары  бұл мәселені өздері шешуге де кірісіп кеткен. Осылайша,  олар техника жалдап, тұрғын үй маңайын тазарту жұмыстарын жүргізуде. 

Тақырып бойынша материалдар

Ақсуда заманауи жылыжай құрылысы жүргізілуде
18:20, 22 тамыз 2017
Ақсуда заманауи жылыжай құрылысы жүргізілуде
Толығырақ...
Астана қаласында Павлодар облысының әкімі инвесторлармен кездесті
18:01, 21 тамыз 2017
Астана қаласында Павлодар облысының әкімі инвесторлармен кез...
Толығырақ...
Облыс әкімі Израиль мемлекетінен келген өкілдермен кездесті
14:13, 10 тамыз 2017
Облыс әкімі Израиль мемлекетінен келген өкілдермен кездесті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
20:13, 22 қыркүйек 2017
Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
Толығырақ...
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
19:00, 19 қыркүйек 2017
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
Толығырақ...