ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ӨТКЕН ЖЫЛҒА ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАДЫ

18:33, 25 қаңтар 2019

Өткен жылы өңірімізде 4 бала көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлап мерт болған. Өкінішке қарай, қайғылы оқиғаға соқтыратын 11 факті тіркеліпті. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды. Сондай-ақ, жиында өткен жылға қорытынды да жасалды.

2018 жылы  - облыстық мәслихат үшін жемісті жыл болды. Жыл бойы халық қалаулылары күрмеуі қиын күрделі мәселелерді шешуге ат салысқан. Оның ішінде  52 құрылыс нысанында болып, олқылықтардың алдын алу шаралары жүргізілді. 24 нысанға ескерту жасалып,  кем - кетіктер түзетілді. Сондай-ақ, экологиялық бақылау рейдтері ұымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау жұмыстары қолға алынды. 

БАҚЫТ БЕКСЕЙІТОВА – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ

Өткен кезеңде 8 сессия өткізілді. Олардың 5-і кезекті, 3-уі кезектен тыс. Онда 116 сұрақ қарастырылды. Мәслихаттың жалпы міндет маңызы бар азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 24 шешімдер облыс бойынша Әділет департаментінде тіркелді. Қабылданған жоспарлар есебінен 5 тұрақты комиссиялардың жұмысы жүйелі түрде жүргізілген болатын. 

Тұрақты комиссия өкілдері 30 отырыс өткізіп, 69 сұрақты қараған. Сессия қарауына енгізілген  мәселелер бойынша 17 сұрақ өз шешімін тапты.  Ал  «Қауіпсіз терезе» акциясы аясында   балалардың  қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өйткені, соңғы 2 жылда 11 бала көп  қабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлап мерт болған.

Жиын барысында қоғамдық кеңестің жаңа құрамы да бектілді.  

БОЛАТ БАҚАУОВ – ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мен бүгін қоғамдық кеңес мүшелерін жаңа құрамның толығуымен құттықтаймын. Бұл сіздерге деген үлкен сенімділік. Соңғы 3 жылда Қоғамдық кеңес үлкен жұмыс атқарды.  Оның негізгі мақсаты қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл нағыз диалогтік алаң деп айтуға болады. Жергілікті атқарушы орган үшін халықпен тығыз байланыс орнату өте маңызды. Қоғамдық кеңесте қандай да бір сұрақ қаралмасын барлығы да шешімін тауып, халықтың жайлы өмір сүруіне мүмкіндік берді.

Сессия барысында ведомствоаралық және жер мәселелері жөніндегі комиссиялардың дербес құрамы  бекітілді.

Өзгеріс ҚУАНАР

Тақырып бойынша материалдар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
18:51, 19 тамыз 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:05, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...