ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

10:13, 14 ақпан 2020

Бүгін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов, Естай атындағы мәдениет сарайында өңір тұрғындарын қабылдады. Сондай-ақ жұртшылық, мемлекеттік мекеме-ұйымдардың басшыларына сауалдарын жолдау мүмкіндігіне ие болды. Әкімнің қабылдауға барлығы 200-ден астам адам жазылған.

Түрлі мәселелер бойынша талап-тілектерін айта келгеннің бірі «Алтын бата» қорының құрылтайшысы Евгения Стильвага. Ол, аутизм диагнозы қойылған балаларға оңалту орталығын ашу мәселесін қозғады. Мұндай орталықтың ашылуы біздің өңір үшін жақсы нәтиже болар еді, дейді Евгения Стильвага.

Евгения Стильвага, «Алтын бата» қоғамдық қорының директоры:

Қаржыландыру мәселесін шешу қажет. Өйткені, орталыққа аутизм балалар ғана емес әлі диагнозы нақтыланбаған балалар да келеді. Осы мәселені кезінде көтеріп, ғимарат іздеген едік. Бірақ шешімін таппай қалды. Өкінішке орай, 18 жасқа дейін аутизм болса, кейін шизофрения немесе ақыл-есі дұрыс дамымаған деген тізімге алынады.

Павлодар қаласында аутизм диагнозы қойылған балалардың саны 300-ден асады. Жалпы республика бойынша нақты статистика жинақталмаған. Себебі, аутизм диагностикасын қою өте қиын әрі ата-аналардың көбі баласының оңалып кететіндігіне үміттенеді. Әбілқайыр Сқақов, бұл мәселені бақылауға алып, барынша көмек көрсететінін айтты.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Мен сізбен толықтай келісемін. Бұл біздегі үлкен әлеуметтік проблема. Жағдайды жақсарту үшін көмек қолын созу қажет. Біз сіздерді тыңдай білуіміз қажет.

Әкімнің қабылдауына жазылған тұрғынның бірі Әлия Әбелдинова, коммуналдық мәселені көтерді. Қамзин көшесі 4 мекен жайындағы жатақханада 100-ден астам пәтер бар. Оның 25-і әкімдікке қарайды. Төменгі қабатта балаларға қосымша білім беретін орталық жұмыс істейді. Осыдан бірнеше жыл бұрын жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Алайда, жарты жылдан кейін қайтадан төбеден су аға бастапты. Иә, аймақ басшысы жатақхана мәселесін жеке бақылауына аламын деді. Жалпы, бүгінгі қабылдауға 200-ден астам тұрғындар түрлі сұрақтарымен жүгінді. Осылайша әкімдік, бұқара пен билік арасын жақындатып, халықтың үніне құлақ асатын билік қағидасын ұстанбақ.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Сабина РАХИМБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...