Облыс әкімі Қашыр ауданында

17:24, 3 тамыз 2017

Маңдай терлерін сыпырып тұрып тапқан қашырлық шаруалардың миллиондаған қаржысы өз қалталарына емес, өрт сөндіруші техникаларымен жабдықталуларына және жол жөндеу, ауылдың тұрмыстық жағдайын жақсартуына жұмсалып отыр. Мәселенің мәнісі облыс әкімінің ауданға арнайы іс сапары барысында анықталды.

Аймақ басшысы Болат Бақауов  сапарын  Байқоныс ауылынан бастады. Мұндағы атқарылған жұмыстар – жергілікті құрылыс иелері қолға алған  екі пәтерлі тұрғынүйдің  салыну барысы, кейіннен бұл үйлер коммуналдық жеке меншікке өткізілмек.  Сонымен қатар, «Иларбек» ШҚның өз тұтынушыларын әлдеқашан тауып үлгерген шұжық өндіру цехі жұмыстары да назарға алынды. Және  төбесі жаңа жабындымен жаңартылған ауылдық мәдениет үйінің жағдайы мен жаңа оқу жылына есік-терезесі ауыстырылып, отжағарын күрделі жөндеуден өткізген мектептің де тыныс-тіршілігі таныстырылды.  

Ал мынау Песчан  жөндеу-механикалық зауытында жылыту қазандықтары мен жүккөтергіш құрылғылар, бөлшек құрал-саймандар даярланып қана қоймай, трактордың техникалық  жөндеулері де қарастырылған. Айтуларынша мұнда даярланған Песчан қазан қазандықтарының қуаттылығы жиырма бестен тоғыз жүз кВт дейін жетеді екен. Жаз маусымында  бұл өндірістік орын тапсырыстың  астында көрінеді.   

БОЛАТ БАҚАУОВ,  Павлодар облысының әкімі

Трофимовка ауылында облыс әкімі  глава региона посетил ТОО «Агрофирма Покрова» - «Покров ауылшаруашылығы фирмасы» ЖШС-нің жұмыстарымен танысты. Кәсіпорын жетекшісі    Виктор Деккер  13 млн. тенгені құраған өз қаражатына өрт сөндіргіш мащинасын сатып алған. Өртсөндіруші жұмыскерлерінің айлық еңбегінің бар жоғы  38 мың теңгені құрайтынын естіген аймақ басшысы бұл мәселені тез арада қолға алу керектігін тапсырды. Әрине, мұндай айлығыңыз – шайлығыңыздан да артылмасы – айтпаса да түсінікті.   «Покровка ауыл шаруашылығы фирмасының» өзіне оралар болсақ, бұл - әлемдік деңгейдегі озық текхника құрылғыларымен жабдықталған бірегей  кәсіпорын. 

Ал, Березовка елді мекеніндегі  «Велес Павлодар» ЖШС нде ауылшаруашылығытехникаларына аса ыңғайлы тұрақ  қалыптастырылмақшы. Оның ауыл механизаторлары мен жұмыскерлеріне пайдасы орасан зор, - дейді кәсіпорын иелері. Сондай-ақ, олар  өзге де шаруа қожалықтарымен бірлесе жұмыс істеуге даяр екендіктерін айтады.

Львовка ауылындағы  жергілікті мектеп алдағы жылыту маусымына сақадай сай, себебі, жылыту жүйесіне жөндеу жұмыстары жасалып, тіпті бөлінген қаражаттың  үнемді жұмсалғаны да белгілі болды. 

БАҚЫТ БЕКСЕЙІТОВА, Павлодар облыстық Білім басқармасының басшысы

Алдағы уақытта бұл жерде 50 орындық мектепке даярлық  мекемесі салынбақ. Аталмыш нысанның құрылысымен ШҚ Александр Вильгельм айналшысуда, кейіннен оны ауылға сый етінде табыстамақшы.

Береговое ауылында аймақ басшысы  «Шаров» ШҚ ның жартылай фабрикактталған өнімдері мен наубайхана жұмыстарымен танысты.   . Бұл наубайханада бір ауысымда 100 бөлке нан пісіріледі. Белгілі болғаны, ШҚның жетекшісі Игорь Щербак ауылдың ажары мен жайлылығын  қалыптастыру жолында жөндеу жұмыстарына  40 млн. Теңге қаржы жұмсаған.

ИГОРЬ ЩЕРБАК, «Щербак» ШҚ жетекшісі (Қашыр ауданы)

Тұрғындарды алаңдатқан тағы бір өзекті мәселе –  өскелең ұрпақтың дуальді білім алу жүйесі болды. 

ИГОРЬ ЩЕРБАК,  «Щербак» ЩҚ жетекшісі (Қашыр ауданы)

Аймақ басшысы сапар соңында  қашырлықтарға қажымай-талмай еңбек етуді  тапсырды. Бұл ауданның сүт пен қарақұмық өндіруден ілгері тұрғандығы да баса айтылды.  Жабылған дүниелерді қайта жаңғыртуда ауданның мәдени клубтары мен мектептерінің деңгейлері жақсара түскен ауылдарына қоныстанушылардың да көбеюі  байқалғандығы қуантты.  

Аудан орталығы Тереңкөлде де алдағы уақытта атқарылар істер пысықталып өтті. 

Тақырып бойынша материалдар

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
15:09, 28 қыркүйек 2017
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Толығырақ...
Ақсуда заманауи жылыжай құрылысы жүргізілуде
18:20, 22 тамыз 2017
Ақсуда заманауи жылыжай құрылысы жүргізілуде
Толығырақ...
Астана қаласында Павлодар облысының әкімі инвесторлармен кездесті
18:01, 21 тамыз 2017
Астана қаласында Павлодар облысының әкімі инвесторлармен кез...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық кәсіпкерлер жаңа өндіріс орындарын ашпақ
18:49, 18 қазан 2017
Павлодарлық кәсіпкерлер жаңа өндіріс орындарын ашпақ
Толығырақ...
Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымдастырылды
19:00, 18 қазан 2017
Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымд...
Толығырақ...
«Туған жер» бағдарламасы аясында жасалған домбыра
19:05, 17 қазан 2017
«Туған жер» бағдарламасы аясында жасалған домбыра
Толығырақ...