ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІН АРАЛАДЫ

10:45, 7 ақпан 2019

Облыс орталығындағы денсаулық сақтау мекемелеріндегі қабылдау бөлімшелері жаңартылған түрде ашылады. Бұл заман талабы,-дейді ақ халатты абзал жандар. Бұл жаңашылдық әлі де толықтыру мен қайта қарауды талап етеді. Осыған орай, аймақ басшысы Болат Бақауов облыс орталығындағы бірнеше денсаулық сақтау мекемелерін аралады.

Сұлтанов атындағы Облыстық  аурухананың екі ғимаратын 6000 шарты метрлік жаңа корпус салу арқылы біріктіру жоспарда бар. Жоба құны шамамен 5 млрд теңгені құрайды.  Сонымен қатар, жан сақтау және ота жасау жөлімшелерінде жаңа, заман талабына сай қабылдау бөлмесін ашу жоспарланған.

ОРАЗ МҰҚАШЕВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Шұғын қоңырау түскенде жедел жәрдем көлігі бірден жан сақтау бөліміне тоқтайды. Егер, жеңіл науқас келсе палатаға апарылады. Біз осылай жоспарлап отырмыз.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев, өкінішке орай облыстық ауруханадағы қабылдау бөлмесі қазіргі стандартқа сай емес екендігін айтты. Сондықтан екі ғимаратты қосу арқылы мәселені ретке келтіру жоспарда тұр.

БОЛАТ БАҚАУОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бізге алдымен қайсысы техникалық ғимарат болатынын түсініп алу керек.  Егер, біз барлық құрылысты өзімізге алатын болсақ, оны құрылғылармен жабдықтауды мемлекеттік жекеменшік серіктестіктер өз мойнына алады.

Аймақ басшысы бұл жобалардың барлығын қайта тексеруден өткізіп, тиімді жақтарын қарастыру керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жобаны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы қаржыландыру мәселесін де зерделеу керек, - деді Болат Бақауов. Бұдан басқа, №1 қалалық емхана ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, облыс әкімі емханаларының тұрғындарға қызмет көрсету сапасымен танысты. Алдағы уақытта сапалы қызмет көрсету «Ертіс адалдық алаңы»  жобалық офисінің назарында болады.

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІБАСТҰЗДА КӨП БАЛАЛАЛЫ 13 ОТБАСЫНА ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ
09:59, 19 ақпан 2019
ЕКІБАСТҰЗДА КӨП БАЛАЛАЛЫ 13 ОТБАСЫНА ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ЕКІБАСТҰЗДА КӨП БАЛАЛАЛЫ 13 ОТБАСЫНА ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ
15:44, 18 ақпан 2019
ЕКІБАСТҰЗДА КӨП БАЛАЛАЛЫ 13 ОТБАСЫНА ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
БОЛАТ БАҚАУОВ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
18:41, 15 ақпан 2019
БОЛАТ БАҚАУОВ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...