ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ҚОСЫМША 200 ГРАНТҚА 65 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛДІ

20:32, 10 тамыз 2018

Биыл облыс әкімдігі жергілікті бюджет есебінен 200 маманды дайындауға қаражат бөлген. Бұл гранттарға бір күнде 93 адам өтініш берген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.

Биыл педагогикалық мамандықтарға - 65, техникалыққа - 35 грант бөлінген. Тағы 100 грант медициналық мамандықтарға берілмек. Оның тең жартысы жоғары білім алуға бағытталса, қалған 50-і резидентураға қарастырылған. Бұған жергілікті бюджеттен 65 миллион теңге бөлінді. Гранттарға өтініш қабылдау 5 және 10 тамыз аралығында жүргізіледі. Талапкерлердің ұпай саны бірдей болған жағдайда «Алтын белгі» иегерлері мен халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына басымдық беріледі. Бұдан бөлек, жетім, ата-анасының қарауынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балаларға назар аударылады. Егер жастардың оқу үлгерімі жақсы болса, шәкіртақы тағайындалады. Кері жағдайда гранттан айырылуы мүмкін. Байқаудың қорытындысы 15-тамыздан кейін белгілі болмақ. Тізім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Әкім гранты бойынша жоғары оқу орнын тәмәмдағандар аймақта үш жыл бойы қызмет етуге міндетті.

 

Салтанат НЫСАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС МӘСЛИХАТТАРЫНА ДЕПУТАТТЫҚҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
12:37, 4 қазан 2018
ОБЛЫС МӘСЛИХАТТАРЫНА ДЕПУТАТТЫҚҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫ...
Толығырақ...
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАНДАРЫ МЕН ҚАЛАЛАРЫНДА СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
12:20, 4 қазан 2018
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАНДАРЫ МЕН ҚАЛАЛАРЫНДА СПОРТТЫҚ ИНФРАҚ...
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІК, САУДА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
11:40, 12 қыркүйек 2018
КӘСІПКЕРЛІК, САУДА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар