ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

МӘСЛИХАТТА ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

12:23, 12 қыркүйек 2019

Павлодар қаласы тұрғындарының 21 пайызын 14-пен 29 жас аралығындағы жастар құрайды. «Жастар жылы» аясында оларға қатысты қандай бағдарламалар жүзеге асырылып, жұмысьар атқарылып жатыр? Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар жастар мәселесін сөз етті.

Павлодар шаһарында 14-пен 29 жас аралығындағы 74 144 азамат тұрады. Жастарға сапалы білім беру, патриоттық сана сезімді дамыту, салауатты өмір салтына баулу, баспанамен қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік проблемаларды жоюға бағытталған жұмыстар барынша атқарылып жатыр. Дегенмен, әлі де шешілмеген мәселелер жоқ емес. Солардың бірі – жұмыссыздық. Шаһарда үш мыңдай жас жұмыссыз жүр. Олардың екі қолына бір күрек тауып беру үшін жұмыспен қамту орталығы үнемі еңбек жәрмеңкесін жәрмеңкесін өткізіп тұрады. Жыл басынан бері 200 жас қауым тұрақты жұмыспен қамтылған.  Сондай-ақ, жас отбасыларды баспапанамен қамтамасыз ету мәселелері қолға алынып жатыр.

Нәйля Ахметова, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

«Бүгінде 30 жасқа дейінгі жастардың көбісінің басында не баспана не тұрақты  жұмысы  жоқ. Өздеріңіз білесіздер, олардық бос сенделіп жүрмеуі үшін мемлекеттік тиімді бағдарлама қабылданды. Соның аясында жұмыс істегеніміз абзал. Мәселен, бүгінде жас отбасылардың , жас мамандардың баспаналы болуына жеңілдік  қарастырылып жатыр. Себебі, демографиялық ахуалға серпін беретін жастар.»

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
16:11, 9 қыркүйек 2019
ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...
ӘКІМ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫН СЫНҒА АЛДЫ
18:39, 29 тамыз 2019
ӘКІМ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫН СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...